12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Қыздардың жалаңаштануы еркектерді импотенция мен рак ауруларына алып барады…”

    Түрлі танымдық фильмдер мен видеороликтер, тәрбиелік мәні зор қысқа метражды кинолар түсірілетін “Асыл арна” телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қазіргі таңда ашық-шашық киініп көшеде жүретін бойжеткендер туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Қыз-келіншектердің жалаңаштануы ең алдымен кімге зиян?

    Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе? «Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

    Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды). Орта есеппен, ер адам «жалаңаш денелерді» күніне 100-200 рет көреді. Ойы бұзылған оның құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.

    Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да қабір қазуда. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық.

    Ал дінімізде әйелдің ашық-шашық киінуіне тыйым салынған. Оларға (харамға) қараған ер адамдар да үлкен күнәға бататыны айқын нәрсе”, – деп жазады Мұхамеджан Тазабеков.

    https://www.instagram.com/p/B0bdM5TFkuk/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    “Бұлардың коронавирустан өлген адамдарға түкіргендері бар” Карантин кезінде ережені бұзған тағы бір шенеуніктік әрекеті әшкере болды

    Фариза

    Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

    Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.