11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Дертке шалдыққан ер адамның беті адамшошырлықтай ісіп кетті

    Филлипиндегі Лейте аралының тұрғыны бетін адам танымастай етіп үлкейтіп жіберген ауыр дерті туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

    56 жастағы балташы Ромуло Пилапил үш жыл бұрын ауыра бастаған. Ер адам көзі қышып, мұрнынан су ағатынын айтып, дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Дәрігерлер ол синусит атты ауруға шалдыққан болар деп ойлап, ем тағайындайды. Араға екі апта салып оның жағдайы күрт нашарлайды. Кейін беті қатты ісініп кетеді. 

    Жергілікті дәрігерлер Пилапилге нақты диагноз қоя алмағандықтан, оған елорда мамандарына баруға кеңес береді. Алайда бұған ер адамның ақшасы жетпей қалады. Көп ұзамай бетінің қатты іситіні соншалық, терісі көзін жауып қалған екен. Кейін филиппиндік жұмыстан шығып қалады. Оның кішкене балалары орнына жұмыс істей бастайды. Олардың әрқайсысы кезек-кезегімен үйде қалып, әкесіне көмектеседі. 

    Пилапил соңғы рет дәрігер көмегіне 2018 жылы жүгінген. Сол уақыттан бері ер адам медициналық көмек алмаған екен. Оның туыстары бұл жаңалықты айналасындағылар естіп, оған көмек қолын созады деген үмітте. 

    қатысты посттар

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Дәрігер омикронның ең алғашқы белгісін айтты

    Фариза

    Коронавирустың екінші толқыны болмайды – Конеев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.