20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісім-шарттарын тексереді

    Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев бастаған арнайы жұмыс тобы бас мердігер «Синьсин» компаниясы жүргізіп жатқан «Қалбатау-Майқапшағай» жол жөндеу учаскесіндегі жұмысшылармен кездесті. Жұмыс тобының құрамында ШҚО прокуратурасы, ШҚО Ішкі істер департаменті, облыстық еңбек инспециясы басқармасының, ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, ШҚО тауар және қызмет қауіпсіздігі сапасын бақылау департаменті, «КазАвтоЖол» АҚ ШҚОФбасшылары бар. 

    Жұмысшылардың басты шарты – жұмыс және тұру шарттарын жақсарту, жалақы мөлшерін көтеру. Кездесу барысында Облыс басшылығымен «Синьсин» компаниясының бас директоры арасында ортақ келісім хаттамасына қол қойылды:1. Барлық еңбек келісімдері ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіріліп, жұмысшыларға 3 күн мерзімінде түсіндірілетін болады.2. Егер жұмысшылар түнгі уақытта, демалыс күндері, белгіленген уақыттан тыс еңбек етсе, жалақы мөлшері 1,5 есе көлемінде төленеді.3. 10 күн мерзімінде барлық тұрғылықты жерлерде салқындатқыштар орнатылып, ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіріледі.4. Барлық жұмысшыларға 10 күн мерзімінде арнайы жұмыс киімі берілетін болады.5. Жұмысшылардың тұратын жерлерінде күніне үш рет тамақтандыру ұйымдастырылады.6. Жұмысшылардың ең төменгі жалақы мөлшері 80000-нан 120000 теңгеге көтеріледі.

    Жалпы жұмысшылардың жалақысы атқарған жұмыстарына сәйкес 120.000 теңгеден 360.000 теңгеге дейін болады.

    Жағдай қалыпқа келтірілді, мекеме кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Сағат 14.00-ге қарай барлық жұмысшылар өз міндеттерін атқаруға кірісті. Жұмысшылар облыс басшылығына мәселені тездетіп шешіп және көрсетілген көмектері үшін ризашылықтарын білдірді.

    Бұдан тыс, ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына, «КазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ-на (келісім бойынша) және өзге жауапты құзырлы органдар алдына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек келісімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізу міндеті қойылды. Сонымен қатар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған шетелдік компаниялардағы қазақстандық жұмысшыларға жалақы төлеу мен еңбек жағдайын жасауды бақылау. 

    Хаттаманың орындалуы бойынша ШҚО әкімдігі тарапынан бақылау жүргізу бекітілген.

    қатысты посттар

    Жуалы бағынан 700 тоннадан аса алма жиналды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

    Фариза

    Ауылдағы зообақ

    Пікір қалдыру

    17 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.