16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қытайда қаза тапқан Қазақстандық студенттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Қытайда білім алған қазақстандық студент тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлаған.

    Қытай полициясы қазақстандық Сандира Серікханованың өліміне қатысты істі қайта қарап, қыздың жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    24 жастағы қыз Қытайдың Чанчжоу қаласында тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлап көз жұмған. Қайғылы оқиға осы жылдың 26 сәуірінде болыпты. Сандира Серікханова Қытайдың Цзянсу провинциясындағы технология университетінде оқып жүрген.

    Қыздың әкесі мен ағасы дереу Чанчжоу қаласына аттанған. Қазақстанның Шанхайдағы бас консулдығының көмегімен марқұмның отбасы Қоғамдық қауіпсіздік департаменті, Серікханова оқыған университет пен сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде қыздың туған-туыстарына қайғылы оқиға болған үйдің кіреберісіндегі камералардың  бейнематериалдары көрсетілді.

    Тергеу қорытындысына сәйкес, қазақстандық қыздың жазатайым оқиға салдарынан қаза болғаны анықталды. Кісі қолынан көз жұмғаны расталған жоқ.

    2 мамырда марқұмның денесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

    Іс неге қайта қаралды

    22 мамырда қыздың әкесі Қазақстанның Шанхайдағы консулдығына жүгініп, істі қайта қарауды сұрады. Қазақстандық дипломаттар Қытай полициясына тиісті өтініш жолдады.

    Істі қайта қарау қорытындысы бойынша, Қытай полициясы Серікханованың кісі қолынан көз жұмғанын растаған жоқ.

    қатысты посттар

    “Баласының туған күнін тойлаймын деп әкесінің жаназасын шығарды” Шамалғандағы апатта мерт болған автобус жүргізушісі жер қойнына тапсырылды

    Фариза

    “Күдікті әлі табылған жоқ” Бойжеткенді аяусыз ұрып-соғып, зорлаған жүргізуші іздестірілуде

    Фариза

    Дүнген халқы ҚР заңы мен тілін көздеріне де ілмей ме?

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.