14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жел электр станциясының құрылысы басталды

    Әулиеата өңірінде тағы бір жел электр станциясының құрылысы басталды. Сарысу ауданы Жаңатас қаласынан 9 шақырымдай жерде бастау алған жаңа жобаны Қытайлық «Поуер Чайна интернейшнл» мен еліміздің «Визер Қазақстан» компаниясы бірлесе жүзеге асырмақ. Орта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станцияның құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қуаттылығы 100 Мвт станса 4-5 ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қарт Қаратаудың белінде қазығы қағылған жоба енді аудан экономикасының дамуына ат салысып, қосымша жұмыс орындары ашылады деген сөз. Жаңатас жел электр стансасын жобалау 2013 жылы бастау алған болатын. Қазіргі таңда оған Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінен 233 гектар жер бөлінген. Бұл маңайда 365 күннің 300 күнінде жел соғып тұратындығы белгілі болған. Сондықтан, дәл осы жерге жел электр стансасын салудың маңыздылығы зор болып отыр. Жобаның жалпы құны 130 млн доллар тұратын құрылыстың ресми тұсаукесер рәсіміне Қытайлық компания басшылары мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кәлендеров қатысты. Нұржан Сәбитұлы өз сөзінде баламалы энергиядан қуат көзін алу Жамбыл облысына таңсық емес екендігін айтып, бұл жобаның да Жаңатас жерінде сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Дәл осындай желден электр күшін алу бойынша Шу ауданындағы Шоқпар ауылында, Қордай ауданындағы Алға елді мекендерінде бүгінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ол қазір елімізге танылған ірі жобалар болып отыр. 2020 жылға таман Жаңатас жел электр стансасы да еліміздегі айтулы жобаның бірі болмақшы деді. Алғашқы мұнарасы тұрғызылған бұл маңға энергия өндіретін 40 генератор қойылмақ. Станция құрылысының салынумен Сарысу ауданы, оның ішінде Түркістан, Үшбас секілді елді мекендердің 300- ден астам адамы жұмысқа тартылады деп күтілуде. Сонымен қатар, инвестициялық жоба аясында аудан әлеуетін көтеріп, өңір экономикасына тың серпін беру көзделіп отыр. Яғни, аудан бюджетіне де жел электр стансасынан қыруар салық түспекші. Болашақта генераторлардың санын 80-ге жеткізу ойда бар. Тек, Жамбыл облысымен ғана шектелмей Қазақстанның өзге де өңірлеріне инвестор тартуды жоспарлап отырмыз. Әзірге сол бағыттағы жұмыстардың келіссөздері жүргізіліп зерделеу шаралары жасалуда. Салтанатты шарада қос тарап, алда тағы да бірлесе атқаратын жобалар бойынша меморандумға қол қойды. Айта кетейік, Жамбыл облысы жасыл энергияны игеруде республикада алдыңғы сапта келеді. Ал, мына жаңа жобаның жүзеге асуы оның маңыздылығын тағы да арттырып, баламалы электр энергия көздерін дамыту ісін одан ары арттыратын болады.

    қатысты посттар

    Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы

    МӘМС: МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

    Фариза

    Мойынқұмда мал азығы молынан жиналуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.