22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих Туризм

    Тараздың тариxи орындарына саяxат жасауға жаңа мүмкіндік туды

    Өскелең ұрпаққа туған жердің тарихын кеңінен таныту мақсатында туристік автобустар жолға шақты. Облыста алғаш рет қолға алынған тың жоба енді алдағы 5 ай бойы халыққа қызмет көрсететін болады. Экскурсиялық автошеруді салтанатты түрде саяхатқа аттандыру шарасы Тараз қаласында биыл ғана күрделі жөндеуден өткен «Жастар аллеясында» ұйымдастырылды. Бұл айтулы шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кәлендеров, қала жастары, мектеп ұстаздары мен қала тұрғындары қатысты. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеген Нұржан Сәбитұлы Тараз қаласын Елбасының өзі тарихымыздың темір қазығы деп тегін атамағандығын айта келіп, 2000 жылдан астам тарихы бар көне шахарды жалпы жұртқа әлі де танытатын тұстары көп екендігін айтты. Тағы бір айта кететін маңызды жәйт. Бұл жоба «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылып отыр. Жалпы, жыл басынан жарияланған жастар жылын Жамбылдықтар да зор қуанышпен қабылдап, облыста жастар жылына байланысты ондаған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі туристік іс-шара да соның бір жалғасы іспетті. Енді әр сенбі сайын дәл осы «Жастар аллеясынан» тарихи Әулиеатаның киелі мекендерін аралап қайтуға арнайы автобустар шықпақшы. Олар бірінші кезекте ҰОС ардагерлері мен қарттар үйінің қарияларын, көпбалалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасылардан тұратын оқушыларды қамитын болады. Экскурсиялық автобустар облыстағы мектеп оқушылары, колледж және де ЖОО студенттерін тегін тасымақ. Ал, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына Республикалық тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру тарифке сәйкес ақылы болмақ. Аптаның демалыс күндеріне өңірдің мақтанышына айналған тарихи-мәдени ескеркіштерге сапар екі бағыт бойынша жүргізіледі. Алдымен, Көне Тараз, Қарахан баба, Дәуітбек кесенесі, Ерте Ислам мешіті, Қали Жүніс моншасы, Төрткүл керуен сарайы, Қазақ хандығына 550 жыл монументі – Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне сапарлауға болады. Бұл құнды дүниелердің басына барған кез келген адамға да онда барынша жағдай жасалады. Яғни, туристік автобустардың жүріп тұруына, инфроқұрылым мәселесі де оңтайлы шеліліп отыр. Екінші, Көне Тараз музейі, Тектұрмас кесенесі, Ақыртас сарай кешеніне саяхат жасауға болады. Бұл нысандарда да туристер үшін ыңғайлы жағдай қалыптасып отыр. Осының арқасында Тараз жеріне келетін туристердің де саны артып отыр дейді сала мамандары. Мәселен: жыл басынан бір ғана Төрткүл керуен сарайын көруге шет елдерден 2000 нан астам туристер келген. Қазіргі таңда дүние жүзінің туристері арасында тарихи орындарға қызығушылық артып келеді. Киелі Әулиеата өңіріне келіп жатқан қонақтардың басым көпшілігі шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің туристері дейді шараны ұйымдастырушылар. Туристік автобуспен сапар шегу шарасы әр сенбіде өтетіндігін естен шығарып алмаңыздар

    қатысты посттар

    Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шөкеев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Қызылордада смартфонға арналған аудиогид қосымшасы құрастырылды

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ЖОБАЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ МАҢЫЗДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.