10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда жарықтың неліктен өшіп қалғаны белгілі болды

    Қаланы қамтамасыздандырып отырған электростанциялардың бірінде авария болған. Осының салдарынан әкімшілік мекемелер, тұрғын үйлер, ауруханалар мен қоғамдық орындар жарықсыз қалды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Генерация көздерінде, басқаша айтқанда электростанцияда ақау орнаған. 1,5 сағаттан кейін жарық қайтадан қосылады деп күтілуде. Қазір резервтік  электр энергиясын беру сызбасы қолға алынды. Көптеген мекемелерде жарық қайта қосылды. Көше қиылыстарында жол полициясының жүрісті реттеуші қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік нысандар резервтік қуат көзінде тұр”, — деді Алматы қаласындағы жылу энергия комплексінің және ТҮКШ-нің ресми өкілі Ян Гирин. 

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласында жарықтың өшкені туралы жазған едік. Бостандық ауданының басым бөлігінде, “Орбита”, “Самал”, “Айнабұлақ” ықшамауданында, Көкбазардың айналасындағы ауданда, Назарбаев, Әл-Фараби даңғылында, Бектұров пен Ташкент көшесінде жарық жоқ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім жиналуда

    Фариза

    Атамбаевтың үйіне граната лақтырды

    Қызылордаға қажетті көмірдің тең жартысы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.