12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы Таразға келді

    Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары арнайы Тараз қаласына келді. Ондағы мақсат талайдан бері әлеужелінің әңгімесіне арқау болған Жамбыл ата ескерткішін көзбен көру еді. Иә, көзбен көрді, куә болды, бағасын да берді. Естеріңізде болса екі ғасырдың куәсі болған жыр алыбының ескерткіші көк базар маңынан алынып, облыс әкімдігінің алдына қойылған болатын. Абай даңғылының бойынан құшағын кең жайып, қолына қара домбырасын ұстаған алып ескерткіш өткен жылы қала күні қарсаңында орын тепкенді. Содан бері Жамбыл Жабаевтың ескі ескерткіші айналасындағы дау толастамай келеді. Бүгін сол Дайрабайдың дауына айналған көне ескерткіш туралы әңгімеге жыр алыбының шөбересі нүкте қойды. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Меймандар алдымен Жамбыл атындағы руханият орталығына бас сұқты. Шөбересі атасының құнды жәдігерлері сақталған мұражайды көріп, көненің көзіне айналған фильмді тамашалады. Мұнан соң әкімдік алдындағы еңселі ескерткіше барып тәу етті. Есікіні жаңғыртып, жаңаны жарыққа шығарған жергілікті биліктің шешіміне ризашылығын жеткізді. Әулиеата жеріне келгендегі мақсатымен бөліскен баба ұрпағы көк базар маңынан алынып, қоймаға қойылған көне ескерткішті де көзімен көріп, ақиқатына көз жеткізді. Осылайша әлеуметтік желідегі жөн-жосықсыз жазылған пікірлердің орынсыз екенін айта келіп, маман пікіріне де құлақ түрді. Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай берері хақ. Ақынның шөбересі Мұратхан Жамбылов облыс басшысы Асқар Мырзахметовпен де кездесіп, оған көрсетілген құрмет үшін зор ризашылығын білдірді. Бұрын көкбазар аумағындағы елеп- ескерусіз жерде тұрған ескерткішке жұрттың тоқтап, түсуінің өзі қиын еді. Ө йткені, базар аумағындағы ығы-жығы адам мен қаптаған көліктер оған кедергі келтіретін. Қазір жағдай мүлдем бөлек, мен облыс әкімдігі ғимараты алдында атамның асқақтап тұрған ескерткішін көргенімде қуаныштан көзіме жас келді дейді ақынның ұрпағы. Бұл ескерткішті орталыққа әкелудің маңыздылығын аймақ басшысы да атап өтті. Төбе би көшесінің бойында тұрған Жамбыл баба ескерткішінің жаңа нұсқасын салудың еш әбестігі жоқ екендігін айтқан облыс әкімі ақынның ескерткішінің жағдай жақсы болса ауыстырып неміз бар, Б. Момышұлының ескерткіші жақсы болды оны апарып қойдық деді. Алайда, бұл ескерткішті де жөндеу жұмыстары аяқталған соң басқа орынға қою жоспарда бар. Кездесу барысында ақынның шөбересі біткен іске сыншы көп екендігін айтып, облыс басшысына арнайы алып келген кітаптарын сыйлады.

    қатысты посттар

    Ұлан ауданының прокуроры жұмыс сапарымен ауданның барлық ауылдық округтерін аралап шықты

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТУДА

    Фариза

    Кәсіподақ кадрлары жасаруда

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.