5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті

    Семейде ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне және Ұлттық Домбыра күні аясында сондай-ақ, Жастар жылына орай «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті. 
    Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта  200 кг шашылған түрлі-түсті бояулар шеруінде жүгіріп өтті.  Сонымен қатар, Домбыра Party, Асық Party, Urban Dance, Water party, Street Workoutт алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт жүргізілді. 
    –    Бүгін қаламызда «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекетік тапсырысымен  және «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар фестивалі өтуде. Фестиваль аясында Яркокросс, Домбыра Party, Асық Party Urban Dance, Water party алаңадарымен қатар, танымал жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама қойылып жатыр. Сонымен қатар, қатысушыларға 1000-астам тегін балмұздақ пен 1500-жуық сусын таратылды, – деді «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Айдос Төлеуханов.
    Шара барысында фестивальге қатысушыларға арнайы нөмерлер  беріліп, сол нөмерлер арқылы ұтыс ойындары ойнатылды. 
    –    Біз Ұлттық домбыра күнін екінші мәрте тойлап жатырмыз. Фестиваль аясында Домбыра party ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенттері өз өнерлерін көрсетуде. Халқымыздың үні – Домбыра күні құтты болсын, – деді домбырашы Айжан Салиева.
    Айта кетейік, фестивальға жалпы жиыны 2000- жуық қала тұрғыны қатысты.

    қатысты посттар

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты №2 қалалық ауруханаға қолдау көрсетті

    Фариза

    Арыстық балалар Таразда демалады

    Жаңа технология – мол өнім кепілі

    Пікір қалдыру

    11 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.