11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қарағанды кеншілері де ереуілге шықты

    Бүгін “Шұбаркөл көмір” АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп xабарлайды.

    Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді.

    “Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған”, – деп мәлімдеді “Шұбаркөл көмір” баспасөз қызметінен.

    Компания басшысы Андрей Сафонов жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап, ұжымның талаптарын қанағаттандыру үшін шешім қабылдады.

    “Кейбір басшылар қызметінен шеттетілді”, – деп атап өтті баспасөз қызметі.

    Қалған мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

    Қазір “Шұбаркөл көмір” бөлімшелері мен тау-кен цехтарының барлық қызметкері жұмыс орындарына қайтып оралды.

    қатысты посттар

    Баспанасыз қазақтарды адам деп санамаймын – Ахметбек Нұрсила (видео)

    Фариза

    “Дәрігер болғаныма өкінемін”: Атыраудағы нәресте өліміне қатысты сот ісі

    Фариза

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.