14 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бизнеске бет бұрғандар көбейді

    «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы тірлігін тіктеп, өз бизнесін ширатамын деген жандарға үлкен көмек болды. Мәселен: Жуалы ауданының тұрғыны Нұрила Әлібекова аудан орталығынан «Нұрай-Плаза» бизнес орталығын ашып, бүгінде 50- адамға жұмыс тауып беріп отыр. Ол мұнда білім орталығынан бастап, халыққа түрлі қызмет көрсетілетінін айтады. Жеке кәсіпкер екі қабаттан тұратын бизнес нысанын ашуды бұрыннан армандағанын айтады. Алайда, ол кезде қол қысқа еді. Ал, бүгінде мемлекет ауылда тұратын азаматтарға да көмегін аямай отыр. Мұнда алғаш болып ашылған «Білімді ұрпақ» оқу орталығы болды. Дүкен емес, мейрамхана емес, бала тәрбиесімен айналысуға бел буған бизнес өкілінің бұл ісін құпарлық дерсің. Бұрын ауылды жерде оқу орталығы деген болмайтын. Сондықтан, бұл Жуалы ауданындағы әзірге жалғыз оқу орталығы. Қазір ауыл тұрғындары да балаларының білімді болғанын қалайды. Мұнда оқыған балалар өз ойын айта-алатын, еркін ойлап, үздік оқушы ретінде қалыптасады дейді ұстаздар қауымы. Жаңа ғимарат көпсалалы десе болады. Оның ішінде сауда нүктелері, сән салондары мен өзге де халыққа қажетті дүниелер бар. Жеке кәсіпкер Нүрилә Әлібекова әсіресе жастар жылында жастар бизнесін дамытуға ерекше ден қойғандығын айтады. Сондықтан, мұнда жалға орын сұрап келген жастар болса оларға айтарлықтай жеңілдіктер жасап отыр. Бизнес орталығы ішіне «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығының Жуалы аудандық филиалы да орналасты. Бұл ғимарат аудан орталығының қақ ортасында тұрғандықтан несие алу үшін келетін тұрғындарға да өте ыңғайлы болды. Қазір мекемеге күніне 20- шақты адам келіп, өз кәсібін ашу үшін не істеу керектігі жөнінде кеңес алады. Бизнес орталығының ашылуымен мұнда 40-50 шақты адам жұмыс орындарын тапты. Солардың бірі өз киім бутигін ашып, саудасын қыздырып отырған Гүлсім Сыздықова. Ол үйіне жақын жерден жұмыс орынының ашылғанына қуанышты болып отыр. Бұрын күннің астында базар жағалап сауда істейтін кәсіпкер үшін бұл ыңғайлы болды. Жалпы, Жуалы жерінде жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген жандар көп. Соңғы жылдары оларды қолдау да артып келеді. Ең бастысы адам алдына мақсат қойып, соғын жету жолында аянбай еңбек ету керек. Менде де мақсат көп, соған жету жолында тер төгемін деген ауыл тұрғыны болашақта өз кәсібін бұдан да ұлғайтатындығын айтады. Оның ендігі арманы дәл осындай орталықтарды ауданнан ғана емес, ауылдан да ашу. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағларламасын биыл үкімет 2025 жылға дейін созып отыр. Бұл әлі де қаншама кәсіпкерлер осындай қуанышқа бөленеді деген сөз. Ең бастысы азаматтарда ертеңгі күнге деген сенім мен жұмыс істеуге деген үлкен ұмтылыс болса болғаны.

    қатысты посттар

    Шымкент: шілде айында 42500 теңгені 100 мыңнан астам азамат алды

    Фариза

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Қызылордада полиция инспекторларына жаңа қызметтік көліктер берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.