7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Масқара: Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан туын алып шықты (фото)

    30-маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті. Бұл туралы “Радужная Америка” тобының Facebook-тегі хабарламасына сүйене отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.⠀

    Сол кезде, көп жыл бұрын, шеру Нью-Йоркте “Стоунволл” барында басталды. Содан кейін акциялар әлемнің әр бұрышында өтті.

    Бұл шеру, шерудің онлайн-көрсетілімі 4 миллионнан астам адамды қамтыды. ⠀

    2

    Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.

    “Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз”, – деген ұранды қолданды демонстранттар.

    Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.

    қатысты посттар

    Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар – зерттеу

    Фариза

    Айыппұлы мен өсімпұлы кешірілетін әлеуметтік топқа кімдер кіреді?

    Премьер-Министрдің орынбасары Қызылорда облыстық көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.