1 C
Алматы
Сенбі, 22 Ақпан 2020
https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • IT және Ғылым Жаңалықтар

    11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі Желіде жарияланып кетті

    Интернетке Қазақстан азаматтарының жеке деректері шығып кеткенін КШТЗО мамандары анықтады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығының мамандары (КШТЗО) Интернетке 11 миллион қазақстандықтың дербес деректері шығып кеткенін анықтады.

    Киберқауіпсіздік саласының мамандары ашық желіде жарияланған дербес деректерді өткен аптада кездестіріп, ол жайында Telegram арнасында хабарлады. 

    “Өткен аптада КШТЗО мамандары Желіде ірі көлемде жеке мәліметтердің шығып кеткенін анықтады. 11 миллион адамның, яғни елдегі кәмелетке жасына толған халықтың барлығының толық ақпараты сақталған база жалпыға қолжетімді Интернет желісінде тұр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, оны толығымен өзіне жүктеп ала алады”, – деп жазылған хабарламада. 

    Сарапшылардың айтуынша, базадағы деректер – жаңа, олар жарты жыл бұрын ғана өзектендірілген. Оны қылмыскерлер – алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. 

    Ақпарат Интернет қолданушыларына қанша уақыт қолжетімді болып тұратыны әзірге белгісіз.

    “Деректер қалай жарияланып кеткені анықталып жатыр”, – деп жазылған орталықтың хабарламасында.

    Сондай-ақ, Кибер шабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының мамандары мән-жайды білу үшін құзырлы органдарға шағымданды.

    Related posts

    30 теңге алып көз тиген, жын кіргендерді емдейтін Түркістандық қария кім?

    Назерке

    Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды

    Назерке

    Жарылыстан 20 адам қаза тауып, елуге тарта адам жарақат алды

    Назерке

    Пікір қалдыру

    3 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.