19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    “Кешірім сұрауға намысыңыз жібермей отыр ма?”

    Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек күні кеше ғана Арыстағы жарылысты «табиғи апатқа» теңеген ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды. 

    «Ермекбаев қорғанысымыз мықты болмағанына кінәлісіңдер!

    Бейбіт халық снарядтар ұшқанда, аман қалу үшін бәрін тастап қашты. Халық түгілі отан қорғайтын сарбаздарың әскери постты тастап қашты.

    Адам өлді, қаншама адам жараланып жаны ауырып жатыр.Үйлерге ұры түсіп, малы қырылып үй-күйсіз халық сенделіп қалды.

    Сіз осының бәрін көріп тұрып «бұл табиғи апат, кешірім сұрауға негіз жоқ» дегенсіз бе? Бұл ешқандай да табиғи апат емес! Бұл сіздің қол астындағы қызметкерлеріңіздің немқұрайлылығынан болып отырған үлкен қылмыс! 

    Сізден бастап қару жарақ қоймасына жауапты бәрін трибуналмен қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!

    Бір емес бес рет жарылуға жол беріп отырған шенділердің бәрін аямау керек! Халықтан кешірім сұрауға негіз жоқ па? Әлде намысыңыз жібермей отыр ма?

    Жапония императоры жер сілкінісі болғанда, табиғи апат үш халқының алдында тізерлеп отырып кешірім сұрап отыр. Ал сіздер немесе сендер кімсіңдер халық алдында бас имейтін?!», – деп жазды ол. 

    Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы министр Ермекбаевтың отставкаға кетуін талап еткен болатын. 

    қатысты посттар

    ҚР Президенті Алматыға не себепті келді?

    Мәйітін арулап жерлейтін мұсылман еліне 1 жарым миллиардқа крематорий салудың қажеті қанша?!

    Фариза

    Халал мен харамды ажырата білесіз бе?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.