11 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа ІТ сынып ашылды

    2018- 2020 жылдары аралығында еліміз бойынша мыңнан астап IT-сыныптарын ашу көзделуде. Бұл сыныптарда 8 бен 16 жас аралығындағы 150 мың бала оқытылады. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүргізілетін іс-шара мектеп қабырғасында 3 және 6 айлық курс негізінде жүзеге асырылмақшы. Осы жоба аясында Жамбыл облысындағы Қордай ауданында тағы бір жаңа IT- сыныбы ашылды. №1- ші Дінмұхаммед Қонаев атындағы гимназия қабырғасында ашылған айти сыныбы енді оқушыларды бағдарламалау және ротот техникасы мамандықтары бойынша тереңдетіп оқытады. Бұл сыныптарда айти сабақтары кәсіби деңгейде оқытылып, бағдарлама халықаралық әдістемелер негізінде жүргізіледі. Бұл оқшылардың ойлау қабілетін арттырып, жаңа тұрпатты мамандар дайындауға көмектеседі дейді сала мамандары. Бұл жоба бойынша алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адам білім алмақ. Бұл орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Java, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады. Сонымен қатар, бұл жұмыстар «Нұротан» партиясының қолдауымен жүргізіліп жатқандығын да айта кету керек. Биылғы жылы Қордай ауданы бойынша 2- айти сыныбы мен 12- робототехника бөлмесі ашылып үлгерді. Оған жергілікті бюджеттен 84 млн. теңге қарастырылып отыр. Ауданда қазірге дейін айти сыныптармен 200 бала қамтылса, робототехника сабағымен 670 оқушы қамтылып үлгерді. Бұл жастайынан робот құрастыруға қызығушылығы зор жастар үшін үлкен мүмкіндік болғаны жасырын емес. Мәселен: 8-ші сынып оқушысы Құралай Бегенова өзі армандаған піл жануарын жасап шығарған. Оны мектеп түлегі гир көтеруші спортшы піл деп атайды екен. Бір қарағанда оңай көрінгенімен, бұл пілді құрастыруға оқушы екі ай уақытын сарп еткен. Бұл кішкентай ғана робот жануар 112 бөлшектен тұрады. Оның барлық мүшесін қозғалту үшін әрине көп ойлану, біраз бас қатыру керек дейді зерек оқушы. Ай-ти сыныптар ашу ісі Қордай ауданында мұныман тоқтамайтын болады. Өйткені, бұл Жамбыл облысындағы халық ең көп шоғырланған өңір. Сондықтан, алдағы уақытта тағы да бірнеше ай-ти мектептерді ашуға қосымша қаражат бөлінеді деп күтілуде. Міне, ендігі жерде Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасамақ.

    қатысты посттар

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.