21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларының өлкетану-зерттеу экспедициясы басталды

    ШҚО-ға Павлодар мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік оқушылары «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясымен келді.
    Аталған жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталған. Барлығы 28 оқушы бір апта бойы облысымыздағы тарихи нысандарды, қорық-мұражайларды аралап, ірі өндіріс орындарының жұмысымен таныс болады.

    • 2012 жылдан бастап елімізде жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба – оқушыларға танымдық білімдерін шыңдауға, ғылыми жобаларын практикалық негізде әзірлеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мектепаралық байқауларда, олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанған оқушылар еліміздің әр өңірлеріне өлкетану-зерттеу экспедициясына жолдама алады, – деді Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұпат Ерниязова.
      Бірінші күні экспедиция мүшелері Өскемен қаласындағы «Азия Авто» кәсіпорнында болып, «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешеніне танымдық жолсапар жасады. – Мен Өскемен қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Осы экспедиция құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Ғылыми жұмысым машина құрастыру саласына байланысты болғандықтан, еліміздегі ірі машина жасау зауыты «Азия Авто» кәсіпорнының жұмысын көріп, өзіме қажет техникалық, ақпараттық-танымдық мәлімет алдым,- деді Шымкент қаласының 9 сынып оқушысы Сейтек Байназар.
      Алдағы күндері оқушылар жетекшілерімен бірге «Абай-Шәкәрім» мемориялдық кешенінде, ірі агроөнеркәсіп шаруашылықтарында болып, балық аулау және бал орталықтарының жұмысымен танысады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында коронавирустық инфекциямен күреске 30 ұйым тартылды

    Фариза

    Келешегі кемел кәсіпорын

    Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.