12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Ақсуат төрінде республикалық ақындар айтысы өтті

    Дәстүрлі Ақсуат айтысының биылғы стипендиясы баянауылдың жарық жұлдызы Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ол енді жыл бойы айтыс демеушісінен ай сайын 200 мың теңге шәкіртақы алып отырады.

    ШҚО Тарбағатай ауданында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жыр алыптарының дүбірлі додасы өнер сүйер қауымды тәнті етті. Жыр сайысын Жүрсін Ерман жүргізді. Ал қазылар алқасына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған ақын Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Қалиолла сынды ақындар мен Алтынбек Қоразбаев сынды сазгерлер төрелік етті. Суырып салма ақындар қоғамдағы мәселелерді тілге тиек етіп, түйткілді тақырыптарды қозғай білді. Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және еліміздің әр түкпірен келген алты жұп ақынның алтауы келесі айналымға өтті. Соңғы сайыстың алғашқы жұбы болып шыққан Ақсуаттың тумасы Рүстем Қайыртайұлы мен Жайықтың Жансая Мусинасы баяғы дәстүрлерінен жазбай қыз бен жігіттің айтысын әдемі өріп шықты.

    Соңғы жұп болып шыққан сыр сүлейі Мұхтар Ниязов пен қытайлық Ерлан Аманқожаұлының арасындағы тартыс қызықты өтті. «Сенің тілің шалқұйрық, менің тілімде шідер бар» деп жырлаған Ерланға осы айтыстың бас жүлдесіне тігілген екі миллион теңге бұйырды. Бірінші орын Қанатта, екінші, үшінші орынды Жансая мен Рүстем еншіледі.

    қатысты посттар

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚМУ-ДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Қызылордада жаңа аурухана ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.