20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тарихи мекен туристерді тартады

    Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі» деп жазған болатын. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Оңтүстік аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ол 2000- жылдан астам тарихы бар көне Тараз шахары мен оның маңында болған қалаларға да тиесілі. Мәселен: 11-13 ғасырларда өмір сүрген Төрткүл керуен сарайы осындай орталықтың бірі болған. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. Елбасы мақаласында көрініс тапқан барлық пікірлерге Төрткүл керуен сарайы да дәлел бола алады. Мұнда Қараханидтер дәуірі кезінде табылған монеталар, тіпті, Қытай тіліндегі жазуы бар құнды дүниелер сол кездің өзінде Төрткүл керуен сарайының маңызды орын болғандығын анықтап отыр. Ал, оны туристерге кеңінен таныту мақсатында Тараз қаласында ашық аспан астындағы этно-ауылдар жобасы ұйымдастырылып отыр. Әр сенбі әрі жексенбі күндері халыққа ыңғайлы түрде өтетін этно-ауылға бір айдың ішінде 154 шет елдік, 361 отандық туристер келіп үлгерген. Бұл шетелдік туристердің қазақ халқының әдет- ғұрыптары мен салт дәстүріне деген қызығушылығын туғызу үшін жасалған дүние. Этно- жобаның бағдарламасы: шет елдік және отандық қолөнершілердің шеберлік сағаттары, жергілікті мейрамханалардың треингтерін сондай- ақ ұлттық спорттық ойындары мен басқа да саланы қамтиды. Келушілердің пікірінше бұл игі бастама. Өйткені бүгінгідей әлеуметтік желі мен ғаламтор жайлаған заманда, мәдени құндылықтарымызды танып білуге бағытталған таптырмас жоба екендігі даусыз. Мұнда келушілерге «Қыз Жібек» спектаклі жиі көрсетіледі. Оның да өзіндік мән мағынасы мен тәлім тәрбиесі болатындығы сөзсіз. Оны облыстық драма театрының әртістері ашық аспан астында халыққа ұсынуда. Ұйымдастырушылар ортағасырлық Төрткүл керуен сарайы жаз бойы қала тұрғындары мен қонақтарға қызмет көрсететінін айтып отыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданында 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

    Фариза

    Шымкент: «Тепличный рай» агро-индустриялды аймағының құрылысы басталды

    Фариза

    Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.