19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-ның медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерінде жаңа пәтерге ие болды

    Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ШҚО әкімі Даниал Ахметов осы салада еңбек етіп, халықтың алғысын арқалап жүрген ақ желеңді абзал жандарды құттықтап, бірқатар дәрігерге жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

    – Халыққа ең пайдалы мамандық иесі болса, ол сөзсіз дәрігерлер. Сіздер халыққа үміт сыйлайсыздар. Біз сіздерге сенеміз және сіздермен мақтанамыз. Алдағы 3-4 жылда сіздердің білім-біліктеріңіз жаңа деңгейге көтерілетін болады. Соның арқасында елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдерден мыңдаған емделуші қызметтеріңізге жүгінеді. Өйткені сіздердің дамуға деген талпыныстарыңыз керемет. Сіздерге денсаулық пен бақыт тілеймін, – деді аймақ басшысы облыстық драма театрында өткен мерекелік жиында.

    Салтанатты шара барысында еңбегімен көзге түсіп, қатарынан озып жүрген бірсыпыра медицина қызметкері облыс әкімінің қолынан пәтер кілттерін, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын алды. Солардың ішінде жаңа пәтерге ие болғандар: А.Лахно, Е.Оспанов, А.Мейірманова, Н.Жанпейісов, М.Көксегенов, Ш.Мақашева, Б.Таймасова, А.Михайлова, С.Слямова, Е.Байғаранов және т.б.

    Сондай-ақ «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Руслан Еңсебаев биылғы Жастар жылында жас мамандарға екі пәтер мен алты қаржылай сертификат сыйлады.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қазалы ауданының тұрғыны ауласында қарағай өсіруде

    Фариза

    Тараздағы ерекше тарту немесе қос қуаныш

    Шымкент: 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.