7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тарбағатайдағы «Аманат» музейіне жаңа ғимарат салып береді

    Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие кесенесінің жанынан ашылған «Аманат» музейіне арнап жаңадан ғимарат салынатын болды. Аталған ауданға жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Даниал Ахметов жергілікті басшылыққа осындай тапсырма берді.

    – Нысанның жобасын әзірлеңіздер. Мұндай тамаша жерде орналасқан музей де алыстан мен мұндалап көрініп тұруы тиіс. Бұл ең бірінші кезекте туристерді тарту үшін маңызды. Жалпы, мұнда соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылды. Ең бастысы туристер үшін жағдай жасала бастағаны қуантады. Ендігі жерде аудан орталығынан кесенеге дейінгі 75 шақырым жолды қалпыны келтіру жұмыстарына ден қоямыз. – деп атап өтті облыс әкімі.

    Иә, кейінгі бірнеше жылда үш жүзге мәлім әйгілі әулие Ырғызбай Досқанаұлы кесенесінің іргесінен тамаша қонақүй, субұрқағы бар шағын саябақ, қатымхана, «Аманат» музейі секілді бірқатар нысан бой көтеріп, бүгінде ел игілігі жұмыс істеп тұр. Музеге келетін болсақ, ол жерден өткен ғасырлардан сыр шертетін тарихи жәдігерлерді, көне тұрмыстық заттарды кездестіресіз. Бұл құнды дүниелердің бір бөлігі аудан орталығындағы өлкентану музейінен жеткізілген. Мекеме қызметкері Әсем Қажығалиева мұражайдағы көрмеде ыдыс-аяқ, ағаш бұйымдар мен әшекей заттардың көшірмелері қойылғанын айтады.

    Айта кетейік, Ырғызбай Досқанаұлы кесенесі Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан 75 шақырым жерде, жазық далада орналасқан.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында мұнай өндіру төмендеуде, алайда өңдеу өнеркәсібі белсенді дамуда

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

    Фариза

    Қызылорда: Палата 7 жылда кәсіпкерлердің 5 млрд. 928 млн. теңгесін сақтап қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.