9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде көпбалалы аналарға кезекті көмек көрсетілді

    Семейде көпбалалы аналарға көмек көрсету жалғасуда. Бұл жолы қалалық биліктің қолдауымен 50-ден астам отбасыға тегін картоп берілді. Қайырымдылық акциясы қалалық базарлардың бірінде өтті.
    Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай картопты өз бетінше ала алмаған отбасыларға, волонтерлер көмек көрсететінін айтты. Барлығы 2 тоннадан астам картоп таратылды.

    – Көмек үшін рахмет, – деді көпбалалы ана Альмира Ақилбаева. – Менің 6 балам бар. Бұл біз үшін өте үлкен көмек болды.

    “Ақжүніс аналары” ұйымының өкілі Анар Сүлейменова облыс және қала басшылығының қолдауымен аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға үнемі материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында 65 қоқыс алаңшасы жаңартылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.