19 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда дарынды жастар марапатталды

    Жамбылдық жастардың халықаралық және республикалық пән олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында қатарынан жеті жыл бойы жеңімпаз болып келе жатқандығы көпті қуантады. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Киелі Әулиеата өңірінің білімді оқушылары Сеулде, Бухарест пен Мәскеуде өткен көптеген жарыстардың бас жүлдегерлері болып келеді. Олар жаңа заманғы технология көмегімен жұмыс істеу бағытында да алдыңғы қатарда. Елбасының өзі ел ертеңі білімді жастардың қолында екендігін айтқан болатын.

    Жалпы, 2018-2019 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға облыстан қатысқан 245 оқушының 130 – ы жеңімпаз атанған. Яғни, олардың 28-і алтын, 33-і күміс және 69-ы қола медаль иеленіпті. Білім шыңының биігінен көрініп, аймақ абыройын асқақтатқан дарынды оқушыларды жергілікті билік те үнемі қолдап келеді. Мәселен: жуырда облыс әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбеков дарында жастармен кездесіп, әсерлі сұхбат құрды. Бұл еркін форматта өткендіктен оқушылар жоғарғы лауазымды тұлғаға еркін ойда сұрақтарын қойды. Олармен емен-жарқын әңгіме айтылды. Бүгінгідей білім мен ғылым ғасырында баланың талантын танып, қабілетін арттыру бір бөлек, оны бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – үлкен маңызға ие екендігі даусыз. Әулиета өңірінде бұл іс бүгінге жемісті нәтиже беріп келеді. Талабы биік Жамбылдық жастардың республикада 7 жыл қатарынан үздік атануы осының дәлелі.

    Кездесу барысында Бекболат Орынбеков дарынды оқушылардың алдағы өміріне сәттілік тіледі. Кездесуге білім бәсекесінде топ жарған 94 оқушы қатысты. Олардың бәріне бірдей 100 000 теңгенің сертификаты табысталды. Осы дарынды жастардың арасында мектеп бітіруші 50 түлек те бар. Олардың 17 і Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды. Болашағынан зор үміт күттіретін бұл жастар облыс басшылығына ризашылық сезімдерін білдіріп, өздерінің арман-мақсаттарымен бөлісті. Оқушылардың нақ осындай жеткен жетістіктері мен толағай табыстары ең әуелі ата-аналарының, содан соң ұлағатты ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Жеңімпаз оқушыларды дайындауда талмай-тынбай еңбек еткен, бар білімдерін оқушы санасына сіңірген бірқатар мұғалімдерге «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Ғылым мен білім – ел болашағының іргетасы. Іргетасы мықты болса, ел – күшті, еңсе – биік, ертең – анық.

    Бүгінде осындай алғыр да өжет, білімді жастардың қаулап өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Оның үстіне еліміз жастарға деген білім саясатын мықты ұстанып келеді. Оның бір дәлелі ретінде Жамбыл жеріндегі әр мектептерде робототехника бөлмелерінің ашылып, балаларға үлкен мүмкіндіктің жасалып жатқандығы. Себебі, өркениетті елдер қатарына қосылуды көксеген Қазақстан бірінші заманауи бағыттағы білім беру мен жарқын болашаққа баулуды көздеп отыр. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы үшін де үлкен қадам болмақшы.

    қатысты посттар

    ҰБТ – 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Фариза

    Маңғыстаулықтар азық-түлік бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесімен танысты

    Фариза

    Таразда тоғандарды қалпына келтіру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.