14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семей әкімі құнды құжатпен танысты

    Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Абай мұражайында болып, 1885 жылғы құнды құжатпен танысты.
    Мұражайы қызметкерлері қала әкіміне Татарстандаға ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Н.И.Лобочавский атындағы Қазан мемлекеттік университеті кітапханасынан 1885 жылы Қарамола жерінен табылған “Қарапайым қазақтарға арналған Кодекс” Бірінші құқықтық құжатының түпнұсқасы табылғанын айтты. Онда Абай Құнанбаев төраға болып сайланған болатын.
    – Шынында да, бірегей олжа, – деді Ермак Бидахметұлы. -Табылған құжат ұлы ойшылдың қоғамдық өмірі жайында мол мағұлмат береді. Бұл жұмыстар “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өткізілді. Мұражай қызметкерлерінің осы бағытта атқарған еңбегі зор.

    Мамандардың айтуынша, заң араб шрифтімен шығарылған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Арай Еспенбетов құжатты мұқият қарап, тіпті бірнеше жолды аудара алды.

    – Бұл өте маңызды құжат, оны міндетті түрде зерттеу керек, – деді профессор.

    Абай осы құжатты құрастыруға қатысқан. Ақын үш күн бойы заңға байланысты мақалалар жазды. Құжат 1885 жылы мамырда қабылданып, бір жыл өткен соң Қазан қаласындағы Император университетінің баспаханасында шығарылды
    Мамандардың айтуынша заң құрастыру кезінде ақын сол кездегі адамдардың өмірін жеңілдету үшін әр түрлі жаңалықтарды ұсынған демократ ретінде сөз сөйледі.
    Қазақстан мұрағаттары мен кітапханаларында осы құжаттың түпнұсқасы жоқ. Мұражай қорында 1959 жылы жасалған кириллицадағы машинкамен басылған көшірме ғана сақталған. Табылған құжат факсимильді нұсқаны басып шығаруға және осы бірегей заңды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

    қатысты посттар

    Шымкент биыл әлемнің 11 еліне ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

    Фариза

    Қызылордада мониторингтік топ үздіксіз бақылау жүргізуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.