19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде 1885 жылғы құнды құжат таныстырылды

    Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми сапарымен Татарстанда болып қайтты. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Н.И.Лобочавский атындағы Қазан мемлекеттік университеті кітапханасынан Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне қатысты бірқатар басылымдар табылды.

    Зерттеудегі басты  олжа 1885 жылы Қарамола жеріндегі съезде қабылданған араб тіліндегі “Қарапайым қазақтарға арналған Кодекс” Бірінші құқықтық құжаттың түпнұсқасы болды.

    – Осы кездесуде Абайды съезд төрағасы етіп сайлайды, – деді мұражай директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева. – Үш күн ішінде заңға байланысты мақалалар жазды. Құжат 1885 жылы мамырда қабылданып, бір жыл өткен соң Қазан қаласындағы Император университетінің баспаханасында шығарылды.

    Мамандардың айтуынша заң құрастыру кезінде ақын сол кездегі адамдардың өмірін жеңілдету үшін әр түрлі жаңалықтарды ұсынған демократ ретінде сөз сөйледі.

    Қазақстан мұрағаттары мен кітапханаларында осы құжаттың түпнұсқасы жоқ. Мұражай қорында 1959 жылы жасалған кириллицадағы машинкамен басылған көшірме ғана сақталған. Табылған құжат факсимильді нұсқаны басып шығаруға және осы бірегей заңды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

    қатысты посттар

    COVID-19: Қызылорда облысында жағдай қатаң бақылауда

    Фариза

    Қазалыда 600 орындық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Жамбылдағы пилоттық жоба аясында АӘК алушылар азайған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.