11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бұқтырманың жағалауы үздік елулікке еніп отыр

    Мұның бір ғана себебі бар, ол – демалыс орнының қаладан қашық емес жерде орналасуы. Сол сияқты онда апаратын көлік және пойыз жолдары сайрап жатыр. Ал енді Бұқтырма жағалауына курортты аймақ мәртебесі ресми түрде берілсе, отандық туристермен қатар алыс-жақын шетелдерден ағылатындар қарасы тіпті молая түспек. Инвестиция көлемі де өседі.

    Шығыс Қазақстан өңірінде жазғы маусымда туристер ат басын бұратын табиғаты тамылжыған көрікті де көркем жерлер жетіп артылады. Солардың алдыңғы легін Алакөл бастаса, оның өкшесін Бұқтырма басып тұр. Алтай ауданындағы бұл демалыс орны әйгілі Бұқтырма су қоймасының жағалауын жайлап жатыр.

    Мамандардың есебіне жүгінсек, Алтай ауданында қазір барлығы 120 демалыс аймағы жұмыс істеп тұр. Кейінгі төрт-бес жылда бұл ауданда 40-тан астам жаңа демалыс базасы салынса, қазіргі уақытта миллиардтан астам теңгеге тағы төрт базаның құрылысы жүріп жатыр.

    Алтай аудандық туризм бөлімінің дерегі бойынша, Өскеменнен 100 шақырымдай жердегі демалыс базасында жыл сайын 400 мыңнан астам турист болады. Жауапты сала өкілдері болашақта бұл көрсеткішті арттыра түсуді көздейді. Ол үшін тиісті жоба-жоспарлар да жоқ емес.  

    – Биылдан бастап Никольск жағалауын реттеуге көңіл бөліп жатырмыз. Жаңа жағалауды дамытудың кешенді жоспарын дайындап қойдық. Жоба облыс басшылығы тарапынан қолдау тапса, дереу іске кірісеміз, – дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

    Басқарма басшысының сөзінше, Никольск жағалауы Алакөлдің жобасы бойынша дамытылмақ. Ол үшін Өскемен мен Алтай ауданын қосып жатқан бұрынғы Октябрь өткелін қалпына келтіру қажет. Қазіргі уақытта аталған жағалауда инвесторлар үшін аса тартымды бос жер учаскелері бар. Қазір ол жерге жету үшін 200 шақырымдық жол жүреді. Паром іске қосылса бұл жол 95 шақырымға дейін қысқарады.

    Басқарма басшысы Марат Қабақов биыл Үкіметте туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасалып жатқанын айтты. Соған сәйкес Қазақстандағы үздік демалыс орындары анықталмақ. Бұқтырма су қоймасы сол үздік елулікке еніп отыр.   

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты

    Фариза

    Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.