21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Оқиға Саясат

    “200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…” – Министрлік

    Ішкі істер министрлігі митингілер кезінде ұсталған адамдарды басқа қалаларға не үшін апарып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегіне сүйеніп.

    Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, 9 маусым күні Нұр-Сұлтанда ұсталған 500 адамның бір бөлігі айыппұл төлеуге міндеттелсе, енді біреулер қамауға алу сияқты әкімшілік жазаға тартылды.

    “Нұр-Сұлтан қаласының судьялары барлық кінәлі азаматқа қатысты сот шешімін шығарды. Ал жазаны өтеу жері ішкі істер органдарының нормативтік актілерімен бекітілген. Біз сот шешімін орындаймыз. Сондай-ақ, кінәлі азаматтарды қай жерде ұстайтынымызды анықтаймыз. Шамамен, 200 адамды біз Ақмола мен Қарағанды облыстарына шығардық”, – деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

    Оның сөзіне қарағанда, соттар барлық материалды бір тәуліктің ішінде қарайды. Ал ішкі істер органдары 10 күндік жазаны өтеу жерін анықтайды.

    Айта кетейік, екі күннің ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 700-ге жуық адам ұсталған болатын.

    “Митингілер болған бірінші күні 500 адам ұсталған еді. Оның ішінде 400 адам жауапкершілікке тартылды. Ал екінші күні шамамен 200 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың арасында 150-ге тарта адам жауапкершілікке тартылды”, – деді минстрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

    қатысты посттар

    Тоқаев Путинді “Назарбаев” орденімен марапаттады

    Жаңаөзенде белсенділердің қамалуына наразы тұрғындар әкімдікке жиналды

    Фариза

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.