22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Оқиға

    “Бойкот”, “Масқара” Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    9 маусымда Алматыдағы “Астана” алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Бұл туралы қазақстандық Holanews.kz және Vlast.kz сайты хабарлады.

    Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. 

    Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ “Бойкот”, “Масқара” деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Vlast.kz сайты полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарлады. 

    Полиция алаңнан хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі Петр Троценконы да департаментке әкетті. Тілшінің қолында құжаттары және редакция тапсырмасы болған. Троценко оның алдында алаңда полицияның ондаған адамды ұстап жатқанын көрген. 

    Тілшімен автобуста отырғандар “Бойкот!” “Бостандық!” деп айғайлағаннан кейін полицияның қолдарын қайырып ұстағанын айтты.

    Полиция бір-екі сағаттан соң Азаттық тілшісі Петр Троценконы босатты. Алматы қалалық полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

    қатысты посттар

    Алматыда мас жүргізушінің кесірінен әйел екі аяғынан айырылды (видео)

    Фариза

    Тоқаев блок-бекетте көз жұмған екі полицейді марапаттады

    Фариза

    Қасіретті қаңтар оқиғасына кім кінәлі?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.