20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО Алтай өңіріндегі перзентхана әлемдік стандарттарға сай болмақ

    ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай өңіріне ресми іс-сапары барысында Орталық аурухана маңындағы перзентхананың жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба жетекшісі Евгений Плотниковтың айтуынша, канализациялық және жылу құбырлары ауыстырылып, перзентхананың қабырғалары, едені мен төбесі жаңартылған. Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.


    «Перзентхананың мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет болды. Жөндеу жұмыстары барысында біршама мәселелерге тап болдық – қабырғалар қисық, палаталардың терезелері әр түрлі болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына 40 шақты адам жұмылдырылған. Жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, біз жөндеу жұмыстарын қараша айына дейін толыққанды аяқтауымыз қажет. Алайда, берілген уақыттан ерте аяқтау үшін бар күшімізді саламыз, сондай-ақ ол жұмыстың сапасына еш нұқсан келтірмейтіндей болады», – деп айтып өтті Евгений Плотников.
    Даниал Ахметов жөндеу жұмыстарына көңілі толғанын айтады.
    «Перзентхананы заманауи жабдықтау үшін 490 миллион теңге қаражат бөлінді. Үш деңгейлі бағдарлама бойынша Алтай қаласының бірнеше дәрігері Еуропаға барып білім алып келді. Жалпы айтқанда, перзентхана әлемдік стандарттарға сай болады», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

    қатысты посттар

    Халық қалаулылары Жамбылдағы қауіпсіздік бағытындағы жұмыстарға оң баға берді

    Фариза

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

    «Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.