12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Қазақстанда “таза ислам жоқ” деп бізді елден алып кетпекші…” – мектеп оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен әкесі туралы айтып, көмек сұрады (видео)

    Жат ағымның жетегінде кеткен әкесі мәжбүрлеп хиджаб кигізген ақтөбелік оқушы қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ҚР Дін істері конгресі ресми өкіліне сілтеме жасап.

    Ақтөбелік оқушы жат ағымның жетегінде жүрген әкесінің өзі мен сіңілісіне күштеп хиджаб кигізіп, араб тілін оқытып жүргенін айтты. Үйінен бірнеше рет қашқан қыз амалы таусылған соң, мектептегі ұстазына хабарлама жіберуге мәжбүр болған. 

    Аталған хабарламаның видеосы Instagram желісінде жарияланды. 

    “Апай-сәлеметсізбе! Мен сізге бір нәрсе айтайын деп едім. Менің әкем дінге қатты берілген. Ол намаз оқығалы маған және сіңіліме хиджаб кигізіп, араб тілін оқуға мәжбүрлейді. Қазақстанда “таза ислам жоқ” деп бізді елден алып кетпекші. Бірақ менің елден кеткім келмейді. Бірнеше рет үйден қашып кетпек болдым. Алайда барар жерім жоқ. Өтінемін, маған көмектесіңізші”, – деді аудиожазба жіберген жасөспірім. 

    Аталған хабарламаны алған мектеп ұстазы ата-аналардың балаларын осылай мәжбүрлі түрде дінге күштеп кіргізгенін көруге шамасы жоқ екенін жазды. 

    “Біздің мектепте орамал тақпай, басқа балалар сынды жүргісі келетін бірнеше бала бар. Бала психологиясын құртып жатқан ата-аналардың эгоистігіне қарауға күшіміз жоқ. Бұл діни фанаттар өздерінің құқы бұзылып жатқанын айқайлап айтуда. Бірақ олардың балаларының қалауы қандай екенін ешкім сұрап жатқан жоқ. Көпшілік балалар құқығының бұзылып жатқанын, мұндай дінге берілген отбасыларында не болып жатқанын білуі тиіс. Мен мұндай жағдайдың бірді-екілі емес екенін білемін. Мемлекет қандай да бір шара қолданса екен”, – дейді ұстаз. 

    Видеоны көрген желі қолданушылары қауқарсыз қыздарға көмек көрсетілуі тиіс екенін және діни таңдауды бала есін білген соң, өзі жасауы тиіс екенін жазған. 

    қатысты посттар

    42 500 теңге алушылар үшін кезекті төртінші өзгеріс енгізілді

    Фариза

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Фариза

    Әйелдерді қорғайтын заң қорлайтын заңға айналды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.