12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығыс Қазақстанға әлемнің он елінен суретшілер келді

    Әлемнің 10 мемлекетінен келген 20 суретші он күн бойы
    Алтайдың ғажап табиғатын қылқаламның құдіретімен қағазға түсіретін болады.

    Атап айтсақ, Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Өзбекстан,
    Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан суретшілері Катонқарағай ауданында жата-жастана картина жазуды бастап кетті. Бұл жоба Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет шымылдық түрген суретшілердің халықаралық пленэрі аясында өтіп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, сондай-ақ Жастар жылы аясында қолға алынған пленэрдің атауы – «Ұлы дала палитрасы»! Бастамашысы – облыс
    әкімі Даниал Ахметов.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Алтай – Қазақстанның інжу-
    маржаны» деп аталған пленэрге 20 отандық қылқалам шебері қатысқан болатын. Енді міне шараның ауқымы кеңейіп, халықаралық дәрежеге көтеріліп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, былтырғы пленэрдің арқасында өңір музейлерінің қоры шеберлер салған 135 ғажап туындымен толыққан.

    – Биылғы пленэрдің жөні бөлек. Себебі, халықаралық деңгейде
    облысымызда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Әлемнің әр түкпірінен келген суретшілер табиғатымызды біз байқамаған жаңа қырынан көрсетіп, тамаша тарту жасайды деп сенеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

    Биылғы шараға қатысушылар Алтайдың жүрегі – «Рахман қайнары»
    шипажайына орналасып, он күн бойы тұмса табиғатты қағазға түсіреді.

    Пленэрдің кураторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Есенғали Садырбаевтың айтуынша, мұндағы басты мақсат Алтайдың сұлулығын өзге мәдениет өкілдері арқылы насихаттап, әлемге таныту.

    Халықаралық плэнер 13 маусым күні аяқталады. Дәл осы күні бірінен-
    бірі өткен кіл мықтылардың қолынан шыққан әдемі туындылар музейде көпшілік назарына ұсынылады. Сонымен қатар Өскемендегі Жастар саябағында пленэрге қатысушылар бейнелеу өнеріне қызығушылық танытқан жұртқа шеберлік-сабағын өткізеді. Саябақта сонымен қоса «Жас Арбас» жұмыс істеп, «ART-Жастар» жобасы қатысушыларының жұмыстарын тамашалауға және сатып алуға мүмкіндік туады.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    АБАЙ АУДАНЫ: ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаш ауданында күріштен 69,2 центнерден өнім алынды

    Фариза

    Жамбылда “Сервистік әкімдік” xалықтық жобасы құрылды

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.