10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Ринат, сен өтірік айтпа! Халықты Храпуновпен алдама!” (видео)

    Жуырда Ринат Заитов белгілі журналист Рысбек Сәрсенбай қашқын әкім Виктор Храпуновтың сойылын соқты, соны қорғады деп мәлімдеген еді. Осыған байланысты Рысбек Сәрсенбай ақын Ринат Заитовқа қарата видеомәлімдеме жасады.

    Бұл мәселег қатысты Ринат Рафқат есімді желі қолданушысы Facebook желісінде өз пікірін білдіріпті:

    “Әлгі Зайтовқа жеткізіңіздерші, өтініш!

    Ринат, саған бір өтініш! Саясаттың сан соқпағынан сүрінбей жүре алсаң іске сәт. Ал, “болмағанды – болды деп, айтпағанды – айтты” десең, саясат саxнасынан аулақ кеткенің жөн. Қазақтың жалпақ тілімен оқылған баяндаманы бұрмалағандай болып, әлеуметке өзіңнің түйсігіңмен түсінгеніңді жариялапсың. Бұның ағаттық болды. Бір дастарxанда отырмаймын дегендей дәрежеге жетіпсің. Ұлттың тағдыры сен жүрген сахнада емес, сауатсыз соттарда шешілуде. Соның біреуіне тіреу болдың ба? Ұлттың үшін не істедің, Ринат? Айтшы? Ең болмағанда ауыз толтырып “мен мынаны істедім” дейтіндей… Тек, соңғы кезде, қоғам оянғанда ғана “саясаткер” болып жүрсің. Орақ ауыз тіліңмен сойып салатынын қабілетің ғана бар. “Тілмен – орақ ормайық” дегенді қаперіңге ұстарсың. Ал, Рысбек ағамыз “кім Назарбаев жүйесінің құрбаны, кім жаламен сотталып жатыр?” солардың қасынан табылады. Әділет іздеп келіп, әділетсіздікті жетектеп кететін халықтың жанында жүр. Шаңырақ оқиғасы, Жаңаөзен қанды қырғынында жұбаныш болды. “Жер сатылмасын” дегені үшін қудаланған азаматтарға әрқашан қолдаушы болып, араша сұрады. Сен ол кезде қайда қалдың, ақын-ау… Ең болмағанда әділетсіз соттардың біреуінде болып көзіммен көріп пе едің? БАҚ-қа немесе тәуелді арналардың шоуларында жүріп, ел жанашыры болып көрінуді ғана көкседің. Болды, болғаны сол…

    Рианатты ұлы көріп, ұлық санайтындар жеткізіңіздерші: Мына төмендегі роликті көріп, ел алдында қателескен сөзін қайтып алсың. Есіңде болсын, көп кеуде керме ақын. Жұлдыздар жерде емес, аспанда ғана…” – деп жазады желі қолданушысы.

    қатысты посттар

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Фариза

    Ақтөбелік жас жұбайлар тойында жалғызбасты анаға баспана сыйлады

    Фариза

    Атырауда қайтыс болған баланың әкесі жедел жәрдем дәрігерлерін айыптады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.