7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Электр қуатын үнемдеудің тиімді жолын тапты

    Қалай дейсіз бе? Айтайық. Оның еш қиындығы жоқ. Бар-жоғы
    көше шамдарын энергия үнемдейтін жаңа түріне ауыстыру
    жеткілікті.
    Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі
    мен Еуропалық қайта құру жəне даму банкі арасында келісімшартқа қол
    қойылды. Нəтижесінде облыстың қалалары мен аудан орталықтарындағы
    көше шамдары жаңартылады.
    – Сіздердің банктеріңізбен бірлескен жобаларымыз өте көп. Бұл
    сөзіме банктің Қазақстандағы жобаларының 29 пайызы Шығыс
    Қазақстанға тиесілі екені дəлел. Енді осы əріптестігімізді жаңа деңгейге
    көтергіміз келеді, – деді облыс əкімі Даниал Ахметов.
    Қос тараптың арасындағы байланысты нығайта түсуге аталмыш
    қаржы ұйымы да мүдделі екен.
    – Көше шамдарын жаңарту – өте тиімді жоба. Осы жұмыс арқылы
    сіздер кем дегенде 50, əйтпесе 60 пайыз электр қуатын үнемдей
    аласыздар, – деп түсіндірді ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия елдеріндегі
    басқарушы директоры Бруно Балванера мырза.
    Жоба екі кезеңнен тұрады, алғашқысында Өскемен мен Семейдегі
    көше шамдары жаңартылса, екінші кезең 16 аудан орталығы мен шағын шаһарларды қамтиды. Нəтижесінде 225 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл-қалаларда жаңадан он мың көше шамы орнатылады.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек орта мектебінің ашылу салтанаты өтті

    Жамбылда балық шаруашылығы дамыту бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда

    Фариза

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

    Пікір қалдыру

    7 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.