35 C
Алматы
Дүйсенбі, 4 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    “Олардың бәрі кезекке тұру керек…” – Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

    Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TVарнасына берген сұхбатында болашақтағы қарсыластары туралы сөз қозғады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

    Головкин келесі жекпе-жегін жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы – Стив Роллс (19-0, 10 КО). Ал қазақстандықты рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.

    Жаттығудан кейін Головкинге орта салмақта WBO чемпионы Деметрису Андрадемен және екінші орта салмақта осы ұйым чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке қалай қарайтынын сұрады.

    – Басқа чемпион, Андрадеге қатысты, ол сізден кейін жұдырықтасады?
    – Егер осы тізімде болса, әрине, олар жұдырықтасуға құқылы. Нақты біреуді бөліп: “мынаның құқы бар”, “мынау жұдырықтасуға міндетті” немесе “оған мүмкіндік бер..” деуге келмейді. Олардың бәрі бар, егер тізім бойынша келсе, дайын болса, міндетті түрде олармен жұдырықтасамын. 

    – Сондерс жекпе-жек өткізуге екі рет келісімшартқа қол қойғанын айтады? Сол күйі неге жұдырықтаспадыңыздар?
    – Енді, қазір Сондерс туралы айту… ол назар аударуға тұрмайды. Жалпы олардың ешқайсысын бөліп қарастырып керек емес. Айтқанымдай, бұл топтың бәрі кезекте тұруы керек. Егер біреу шынымен жұдырықтасқысы келсе – жекпе-жек өткіземіз. Кезекке, бәрі кезекке тұрсын. 

    Похожие записи

    Головкин қызы мен үшінші баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті

    Фариза

    Алматыда NFC 34 турнирі өтеді

    Фариза

    “Пайғамбардың немерелерінің басын кесіп, футбол ойнаған” Футбол ойынының шын мәнінде қайдан шыққандығын білеміз бе?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.