11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қадір түніне байланысты жиі қойылатын 7 сұрақ

    ❓ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
    Жауап: Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.
    ❓ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
    Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.
    ❓ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
    Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.
    ❓ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
    Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол – қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.
    ❓”ҚАДІР” ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
    Жауап: Қадір деген сөз “қадірлі” жəне “өлшем”, “тағдыр” деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.
    ❓ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
    Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.
    ❓ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
    Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал – Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Дұға жасау (тілек тілеу), намаз оқу, ата-ананы қуанту.

    қатысты посттар

    Қазалыдағы ауруханаларға оттегі концентраторы жеткізілді

    Фариза

    Қазақстандықтарға көшеде маска тағып жүру талабы енгізілді

    Фариза

    Қызылорда облысында егін орағы қыза түсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.