29 C
Алматы
Жұма, 1 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Алаш арыстарының сүйегін жергілікті билік 31 мамырды күтпестен жерлеп тастады

    Осыдан бір жыл бұрын тұрғын үйдің ауласынан шыққан адамдардың қаңқасы кеңестік қызыл жендеттердің қолынан қаза тапқаны белгілі болған еді. Желкесі мен қарақұстан тиген оқтан ажал құшқан Алаш арыстарының сүйегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қаралы митингіде жерлену керек еді. Бірақ белгісіз себептермен қаңқалар асығыс жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

    Мұрат Қырғызбайұлы үйінің ауласынан атылған азаматтардың сүйегі шыққан соң ғана қырық жылдан астам шешуін таба алмай жүрген жайттың жауабьн түсінген. Айтуынша, күн батса болғаны ақ киімді зиялы адамның елесі отбасындағы барлық адамдарға көрінетін болған. Сөйтсе, елу жылдай тұрып келген үйлерінің ауласында жазықсыз атылған жүздеген адамның сүйегі жатқан екен. Мұны ол моншаға құбыр жолын қазып жатқанда бір-ақ білген.

    «Бір рет түнде қонақ бөлмесіне кіріп барғанымда, ақ киімді адам көргенім әлі күнге көз алдымда. Ол жай адам емес, ақ шляпа, ақ костюм киіп алған адам еді. Көрдім де, қатты қорқып, үйдегілерге әрең жеткіздім. Сөйтсем, жалғыз мен ғана емес, екі әпкем де, ағам да, анам да, үйдегілер түгел көрген екен. Олардың бізге ешқандай зияны тиген жоқ. Бірақ, неге ондай елес кезіп жүретінін түсінбедік.  Енді міне, мына жердің бәрін қазып, 168 адамның сүйегі шыққан кезде түсініп отырмыз олардың кім екенін», – дейді үй иесі Мұрат БАЙҒОЖАЕВ.

    Ал, 6 ай сот сараптамасы жүргізіліп, құжаттары қатталған азаматтардың аты-жөндері түгел анықталмаса да, олардың әруағына Құран бағышталып, жиырмадан астам қорапқа салынған сүйектер қайта жерленді. Бірақ, бұл іске алаштанушылар разы емес. Айтуларынша, әу баста келіскендей, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні көптің алдында жерлейміз деген жоспар аяқ астынан өзгеріп кеткен.  

    «Менің бұған көңілім толмай отыр. Себебі, халық білетіндей етіп жерлеуіміз керек еді. Ал, біз бас-аяғы 15-20 адамды жинап алдық та, жасырын жерлей салдық. Түсінбедік, кімнен тығылып, тарихымызды кімнен жасырып жүрміз өзі? Егер Алаш қайраткерлеріне, кешегі қанды қырғын құрбандарына көрсетіп отырған құрметіміздің түрі осы болса… Осындай қанды қырғын, қасиетті тарихты ұрпақтың санасына сіңіру біздің парызымыз, борышымыз емес пе?» – дейді Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек АШУҰЛЫ.

    Ал жыл бойы қараусыз қалған аумақты енді ғана ретке келтіріп жатқан Талғар аудандық әкімдігі өкілдерінің пікірі басқаша. Олар 31мамыр күні қаралы митингіге келетін адамдар саны аз болмайтынын, ал көптің алдында жерлеу рәсімін өткізу уақытты алатынын айтады.

    «Келетін адамдар көп, ал уақыт тығыз болды. Мына жерде үлкен митинг болады. Жан-жақтан адамдар жиналады. Сондықтан, ол күнге қабаттастырмай-ақ бүгін міне молданы шақырып, сол іс шараны өткіздік», – дейді Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Рыскелді СӘТБАЕВ.  

    Ал ауыл тұрғындары бұрын да бірең-сараң адам сүйегі табылғанмен, дәл осындай көп адамның бір жерге көмілгенін кездестірмегендерін айтады. Жаңалықтағы үй иесі ауласын қазса, әлі де адам сүйектері табылады деп отыр. Ал алаштанушылардың зерттеуінше, бай, феодал деген желеумен атылып, қудаланған азаматтар әлі күнге ақталған жоқ. Сондықтан, олар алдағы аптаның соңында тың деректерді жария етіп әрі жасалатын жұмыс жоспарын жариялау мақсатында екі күндік конференция ұйымдастырмақ.

    https://youtu.be/urJSRzT1v90

    Похожие записи

    Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

    Фариза

    Жамбыл жеріне мәжіліс депутаттары келді

    “Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін, я болмаса, мерзімінен бұрын шартты босату шарасы қолданылады.” Бас прокуратура түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.