10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сәтпаев қаласында кассирді маңдайынан шауып, айуандықпен өлтіріп кеткен

    Қарағанды облысының полициясы Сәтпаев қаласында жанармай бекетінің кассирін қатігездікпен өлтіріп кеткен қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

    Жантүршігерлік қылмыс 16 сәуір күнгі түнде жасалған. 37 жастағы келіншектің денесін жанармай бекетіне келген клиенттердің бірі тауып алып, полиция шақырған.

    Мәйітті қарап шыққан мамандар әйелдің маңдайы бірнеше рет шабылғанын айтады. Келіншектің артында бес баласы қалған көрінеді, деп жазды Sputnik.

    Әйел адамға неге шабуыл жасалғаны белгісіз. Болжам бойынша, бекетті тонау үшін өлтірген болуы мүмкін, себебі кассадан ақша жоғалыпты.

    Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыскердің іздестіріліп жатқанын растады. Бақытжан Құдияровтың айтуынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылып, ең тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел топ құрылды.

    қатысты посттар

    Досаев әл-Фараби даңғылындағы 2 миллиард тұратын жөндеу жұмыстарын тоқтатты

    Фариза

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Фариза

    Қызылорда: Арал ауданының өнеркәсіп өндірісінде 6 жоба іске асуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.