22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ойын алаңында асылып қалған марқұмның xаты

    Полицейлер оқиға орнынан тауып алған хатта ер адам неге мұндай қадамға барғанын жазып кеткен.

    Үлкен Алматы өзені жағасындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    21 мамырда әлеуметтік желіде алматылықтар жиі қыдыратын Үлкен Алматы маңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. 

    Алматы қаласының полиция депатарменті бұл ақпаратты растады.

    “Бұл факті 20 мамыр күні тіркелді. Ер адамның денесі Бостандық ауданы Набережная көшесіндегі аулалардың бірінен табылды. Өз-өзіне қол салған адам 1964 жылы туған. Оқиға орнынан хат табылды, ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Хатта өлімнің себебі жазылған, бірақ оны айтуға құқығымыз жоқ”, – деді Алматы қаласы полиция депатарментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Ол өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін атап өтті. 

    Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. 

    қатысты посттар

    ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысымен тұтынушының электр энергиясынан заңсыз немесе заңды ажыратулар туралы қысқаша сұхбат

    Фариза

    Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

    Фариза

    Қызылорда облысында ветеринариялық эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.