17 C
Алматы
Сенбі, 2 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Мәйіті табылған студент қыздың ата-анасы: Суицид жасады дегенге сенбеймін…

    Алматы облысында жоғалып, артынша өлі денесі табылған Айгүл Амангелдінің туыстары оны өлтіріп кетті деп есептейді. 13 мамыр күні медициналық университетке кеткен бойжеткеннің мәйіті 19 мамырда Талғар ауданында мойнындағы арқанмен бірге табылған деп хабарлайды КТК.

    Полиция қыздың денесінен азаптап өлтіру белгілері анықталмағанын хабарлады. Тергеу жұмыстары өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бабы бойынша жүргізілуде.

    Ақпараттарға сәйкес, Айгүл сол күні Белбұлақ ауылындағы үйінен Алматы қаласына емтихан тапсыруға кеткен. Тас жолда такси тоқтатқан қызға ары қарай не болғаны белгісіз.

    Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама өлімнің нақты себебін анықтауы тиіс.

    “Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін”,- деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.

    Мәйітті таныған жас студенттің ата-анасы ол өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. Олардың ойынша, Айгүлді өлтіріп кеткен болуы мүмкін.

    Қыздың өз-өзіне қол салуы мүмкін деген болжаммен мектептегі мұғалімдер де келіспейді. Педагог Айнұр Жұмабекованың сөзінше, ол өте жауапты, ашық жарқын әрі көңілді қыз болған.

    “Ол суицид жасады дегенге сене алар емеспіз. Біз тергеу жұмыстарының жалғасып, бұл істі анықтағанын қалаймыз”, -дейді мұғалім.

    Жақындары Айгүлмен қоштасып үлгерді. Бұл фактіге қатысты тергеу жұмысы ерекше бақлауға алынған. Қыздың өлімі себебі жақында белгілі болады.

    Айта кетейік, 13 мамырда із-түзсіз жоғалған Айгүл Амангелдіні 40-тан астам адам іздеді. Алты күннен соң оның денесі туған ауылы Белбұлаққа жақын таулы аймақтан табылды.

    Бір қызығы, бойжеткеннің ұялы телефоны жоғалған соң бір тәулік бойы қосылып тұрған. Кейіннен ол қуаты таусылған соң өшіп қалған

    Похожие записи

    Петропавлда жетімдерге тиесілі пәтерлер басқа тұлғаларға берілген

    Фариза

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    “Бұған кінәлі ҚХР азаматтары” Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.