9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Тарих

    Төс жемеген күйеу бала қандай кереметтен құр қалады?

    Бүгінгі жастар төс етінің қаншалықты маңызды екенін білмейді. Майлы деп шетінен ауыз тиеді де қояды. Төс етінде жігіттерге қажет 4 түрлі қасиет бар.

    «Жә, жарайды, бұл жай ғана ырым ғой. Қайдағыны шығарасыңдар да жүресіңдер. 40 жылдық күйеулерге төс қойып, дәметулерін қарайгөр бұлардың. Қыздар, ұлдар демей бәріміз бірдей ақша жинаймыз. Дастарханды молынан жасаймыз. Кешімізді ұзақ жылдар бойы естен кетпейтіндей етіп ұйымдастырайық» деген тартыспен басталды енемнің құрбыларымен телефондағы әңгімесі.

    Әңгіменің не туралы екені анығырақ болу үшін басынан бастайын. Мамыр айының аяғында енемнің мектеп бітіргеніне 40 жыл болады. Соған орай Рамазан айынан соң сыныптастар кездесу ұйымдастырып жатыр. Айтуларына қарағанда жігіттер ақша жинайды, ал қыздары қонақ болып барады екен. Есесіне, күйеубалалар қалталарына төстің ақшасын салып бару керек болған.

    Міне, енемнің қарсыласып жатқан тұсы – төске қоятын ақшада болып тұр. Мұны естіген менің жолдасым:

    «Мама, бәрінде де солай ғой. Қыздардан ақша жинап алған ұят, ал төске кімнің шамасы қаншаға келеді, соны тастайды. Мынаншадан бер деп ешкім ешқайсысын қыстамайды. Бастысы көңіл ғой. Басқа-басқа, сіздің салттан аттағаныңыз қызық екен» деді.

    Енемнің төске ақша тастаудан неге бас тартып жатқанына 30 жыл бұрынғы оқиғаны айтып бергенде ғана түсіндік.

    Онжылдығымызда да ұлдар ақша жинап, қыздар қонақ ретінде шақырылғанбыз. Жігіттердің жинаған ақшасы не дастарханға жетпеді, апайларға да мардымсыз сыйлық алып ұятқа қалған едік. Ал төске берілген ақшаға жігіттер жағы өзара таласқа түскен.

    Сонда сыныптағы 15 қыздың 7-8 ғана тұрмысқа шыққан болатын. Жаңадан үйленгендер қайбір қомақты ақша тастасын. Іштеріне ішімдік кірген соң күштеріне мінді ме, әйтеуір кешіміздің соңы қып-қызыл төбелеске ұласты. Аз ақша бердің деп жігіттер күйеулерге тап берді, олар да қарап тұрмай қарсылық танытты.

    Соңында қыздардың көңіл-күйлері түсіп, кейбірі жылап та қалды. Ең сорақысы мұндай кездесуі құрысын, көрмегенім кластастар болсын деген қыздардың өкінішті әңгімесі болды.

    Міне, менің төске ашқа тастасын деген сөзден жаным қалмайтыны сондықтан, – деді енем.

    «Бұл жолы мұндай өрескел әрекетке бармайтын шығар. Бүгінде бәріңізде зейнетақы бар ғой. Атасыздар да бір айлық зейнетақыңызды. Не дедіңіз қырықжылдық күйеубала, деп күйеуім қайынатама тиісіп бастады. Атамның бір мектепте табанды қырық жыл жұмыс істеген еселі еңбегі бар. Алдынан небір шәкірттер өткен. Бұл кісі секілді тарихты, қазақ әдебиетін білмейтін жан жоқ шығар, сірә?! Кез келген ақынның шығармасын орта белінен бастасаң, басынан-аяғына дейін айтып беруден жалықпайды. Тіл-көзім тасқа 37 немересінің бәрі Абай, Ыбырай, Шәкәрім сынды ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа біледі, 5 жастан бастап бәрі түгел дастарханға бата жасамай орындарынан тұрмайды. Мұның бәрі қайынатамның арқасы деп мақтанышпен айта аламын.

    Әдеттегідей газет оқып отырған қайынатам жаңадан бері ана мен баланың әңгімесін бағып отыр екен. Күйеуімнің қағытпасын бірден іліп алды.

    «Анаңның айтқанымен келіспеймін. Дұрыс 30 жыл бұрын бәріміз де бала едік. Ақша, арақ деген қызық болған шығар. Қазір бәрі де ақыл тоқтатып, алпысқа таяды емес пе? Ендігісі төстің ақшасына қырылып жатса, мүлде ұят болады. Қазақтың дәстүрі бойынша күйеу балаға төс тарту керек. Қазақта «күйеу жүз жылдық» деген жақсы сөз бар. Күйеу қашан да күйеу. Тіпті, пайғамбарымыз (с.ғ.с) да күйеу балаларын қатты құрметтеген. Төс тарту – күйеу баладан ақша алу емес. Оның мәнісі тым тереңде. Қазақ халқы өте дана халық болған. Күйеу баланы өз баласындай жанына жақын тартқан. Қызының бағының баянды болуына, шаңырағының шайқалмауына, бесігінің мәңгі тербелуіне, ана атанып, әлди айтуына міне осы төстің тигізер ықпалы орасан.

    Төс екі қабырғаны бір-бірімен біріктіріп тұрады. Екі елді біріктіріп, арасына алтын көпір болсын деген ырыммен жаңадан табалдырық аттаған күйеубалаға төс жегізеді. Төс майлы болады. Соған қарамастан жүрекке тимейді. Қызымызға, қайынжұртына, жалпы ұрпағына төс секілді майлы, сөздері көңілге тимейтіндей жұмсақ болсын деп те ырымдаған. Ал төске ақша алу – салт. Бұдан шынында да күйеудің қолының ашықтығы не сараңдығы байқалады. Тіпті, төс еті үшін мінез көрсетіп қалатын жігіттер де болған арамызда. Төс еті өте ыстық болады. Ол бойыңа күш, беліңе қуат береді. Бүгінгі жастар төс етінің қаншалықты маңызды екенін білмейді. Майлы деп шетінен ауыз тиеді де қояды. Төс еті біріншіден, денсаулыққа пайдалы. Екіншіден, енді ғана құда болып отырған екі елдің туын біріктіріп, ауызбіршілігін жалғайды. Үшіншіден, ұрпағыңның көбеюіне септігін тигізеді, деді.

    Мынадай әңгімеден соң енем де, жолдасым да үндемеді. Ал мен төс тартып ақшасын алып мәз болып жүрген өзім секілді құрбыларым біліп жүрсін деп, дереу қағазға түртіп алып, журналист сіңіліме жолдадым.

    Дереккөзі: Ernur.kz

    қатысты посттар

    “Халықтың көпшілігі тақыр кедей, жоқшылықтан көз ашпайды” – депутаттар дабыл қағуда

    «Короновирусқа бір клиент табылды» – деп қуанып кеткен болуы керек. Короновирустан қайтқандардың санын жасанды түрде көбейтіп отыр

    Фариза

    Білім министрі мұғалімдерге көше сыпыртқандар жайында пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.