10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес

    “Димаш ұлым, саясаттан аулақ бол!” – Нұрлан Өнербаев

    Елімізге белгілі әнші Нұрлан Өнербаев аты әлемге танылған талантты әнші Димаш Құдайбергенұлына саясаттан аулақ болуын айтып, өз пікірін білдірді, деп жазады Qazweek.kz порталы.

    Нұрлан Өнербаев бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    “Димаш, саясаттан аулақ бол!

    Саған бір айтарым, сен қазір əлем білген əншісің. Сен саясаткер емессің. Сен еліңе өнерің мен əніңмен қызымет ет! Саясаттан аулақ бол! Еш қандай партияға, саяси қозғалыстарға мүше болма! Сенің партияң – қазақ халқы! Сенің идеяң – қазақтың өнері, оның құндылықтары!
    Президент сайлауына түсіп жатқан еш бір кандитатты қолдап, концертіне қатыспа! Елдегі көрермендеріңнің көбінен айрыласың!
    Мен сенің есіңе саясаттың құрбаны болған əлем білетін əншілерді салайын.
    Ұлы əнші Марио Ланц Италияның мафиозына қарсы келгені үшін, америкалық əнші Дин Рид – атомға жəне Вьетнамдағы соғысқа қарсы болғаны үшін, Виктор Хара Чилидегі Пиночеттің əскери төңкерісіне қарсы болғаны үшін, рок – əнші Тальков Ресейдегі саясатқа қарсы саяси əндер мен өлеңдер жазғаны үшін құрбан болған. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
    Мен сенің есіңе қазақтың екі ұлы əншісінің саясаттың құрбаны болғанын салайын. Ұлы əнші Əміре Парижге барғанда Алаштың арысы Мұстафа Шоқаймен кездесіп, оның сəлемін елге жеткізгені үшін, өмір бойы аңдуда болып, талай тергеу мен қинауды басынан өткізіп, азапты қысқа ғұмыр кешіп, құпия жағдайда қайтыс болған. Ұлы əнші совет өкіметінен атақ пен орден түрмақ, бір медаль алмаған.
    Ұлы əнші Күлəш Жоғары советтің депутаты болып жүріп өзінің шындықты айтатын тура мінезі биліктің “көзіне” түсіп, қысымға алынып, соның кесірінен шет елге шығуға жолы жабылып, Москвада қонақ үйде құпия жағдайда қайтыс болған.
    Бізде осы кездің өзінде саяси көзқарасы үшін қудалауға түсіп жүрген қаншама өнердің, əдебиеттің тұлғалары бар. 
    Заман бір орнында тұрмайды, бəрі өзгереді.
    Біз қазір бала кезімізде: “Күн сөнеді, Ленин сөнбеді! Ай сөнеді, Ленин сөнбейді!” деп əн салып, Октябрь төңкерісіне, коммунистік партияға арнап өлең жазғанымызға ұяламыз. Қазір ұлы ақындарымыз бен ұлы жазушылардың, ұлы комопозиторлардың Ленинге, Маркске, Сталинге арнап жазған шығармаларын жас ұрпақтан жасырып, олардың кітаптарының “көзін құртып” жатырмыз. Қоғам өзгереді, бүгінгі күннің көсеміне, Астанаға арнап жазған өлеңдерімізден, əндерімізден ұрпақ алдында ұялатын күн туады.
    Сол үшін де мен саған саясаттан алыс бол деймін! Жағымпаздық бізбен кетсін, – А.БЕЙСЕМБЕКОВ” – деп жазады әнші Нұрлан Өнербаев.

    https://www.instagram.com/p/BxnEsBjlXdw/?igshid=buizjhjkfwr9

    қатысты посттар

    “Нұрғали Нүсіпжановтан қаламыз ба?”

    “Сенің ақылыңды сұраған жоқпыз” Қанат Айтпаев Нұртас Адамбайға жауап қайтарды

    Фариза

    “Неге сіз әншілердің шаруасына араласасыз?” Мейрамбек Беспаев депутат Балиеваның қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.