10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығыс Қазақстанда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бойынша шағын несиелеуді кеңейтуге 4,5 млрд теңге бөлінген

    2019 жылы Шығыс Қазақстанда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді кеңейтуге 4,5 млрд теңге бөлінген.
    Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда несие беруге 3,5 млрд. теңге бағытталады. 
    Шағын несиелеумен 895 адамды қамту жоспарлануда. Бағдарламаның әкімшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады. 1,9 млрд. теңгеге 640 жобаны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, 1,3 млрд. теңгеге 255 жобаны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚФ қаржыландырады. 
    Қазіргі таңда жалпы сомасы 560,6 млн.теңгеге 149 өтінім қабылданды, оның ішінде 317,3 млн. теңгеге 79 өтінім қарастырылуда, сомасы 243,3 млн. теңгеге 70 өтінім мақұлданды.
    210 адамды қамту жоспарланған қалалар мен моноқалаларда шағын несиелеу мен кепілдендіру үшін 2019 жылы 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бағдарламаның әкімшісі облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы болып табылады. Несие қаражаты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін болады. 2019 жылдың төрт айында банктерге қарауға 1,5 млрд. теңгеге дерлік 128 өтінім жіберілді, банктер 495,1 млн. теңгеге 42 жобаны қаржыландыруға мақұлдады, оның ішінде 402,7 млн. теңгеге 35 жоба несиелендірілді. 
    Төрт айда кеңес алу үшін жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 576 адам өтініш білдірді, оның ішінде 36 көп балалы отбасының мүшелері болып табылады. Жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 443 адам несие ресімдемек, оның ішінде, 27 адам – көп балалы отбасылардың мүшелері.
    Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, жұмыссыздар ҚР Үкіметі белгілеген жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, көп балалы және жас отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектер, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, ауыл шаруашылық кооперативтері және зейнеткерлік жасқа толмаған олардың мүшелері Бағдарлама қатысушылары бола алады. 
    Шағын несие беру бағдарламасында көп балалы отбасыларға басым бағыт берілген.
    Өз ісін ашуға және кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін шағын несиенің ең жоғары сомасы 6 млн. теңгені құрайды (2,5 мың АЕК). 
    Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша негізгі жобаларды дамыту үшін 7 жылдық мерзімге 16 млн. теңгеге дейін несие беріледі. 
    Барлық несие алушылар үшін сыйақының жылдық мөлшерлемесі 6% құрайды. 
    Бұдан басқа, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кредиттер бойынша кепілдіктер берілуі мүмкін. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін қаржы институттарының кепілдіктері кредит сомасының 85%-ын, ал жұмыс істеп тұрғандар үшін-50%-ын құрайтын болады.
    Шағын несие алу үшін үміткерлерге бірінші кезекте «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқу қажет. Айта кетейік, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы оператор болып табылатын «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2019 жылы облыс бойынша 1400 адам тегін оқытылады. 
    Қазіргі уақытта 1209 адам оқуға жіберілді, оның ішінде 608 адам оқуды аяқтады, 508 адам бизнес-жоспарын қорғады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 95 млн. теңге бөлінді.
    Оқудан кейін, курстың аяқталғаны туралы сертификатпен немесе куәлікпен, жеке куәлікпен тікелей немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары, ауылдық округ әкімдері арқылы тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Үміткерлерге несие алуға жолдама екі жұмыс күні ішінде беріледі.

    қатысты посттар

    Жамбылда жаңа оқу жылында 8 мектеп пайдалануға беріледі

    Фариза

    Шымкенттік кәсіпкерлер медицина саласына көмек көрсетуді жалғастыруда

    Фариза

    Барлықтарыңызды бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.