12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Головкин-Роллс жекпе-жегінің уақыты анықталды

    Геннадий Головкин бұрынғы қарсыласы Сауль Альвареспен өткен кездесудегі жеңілісінен кейін бірінші жекпе-жегін маусым айында өткізеді деп күтілуде. Бұл жолы қазақстандық былғары қолғап шеберінің бақталасы канадалық боксшы Стив Роллс болмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

    Бокс кеші 8 маусымнан 9-ына қараған түні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді.

    Головкин мен канадалық боксшының кездесуін DAZN стриминг-платформасы таратады.

    Sports.kz порталының мәліметінше, бокс кеші Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03:00-де көрсетіледі.

    Сондай-ақ, шоудың андеркарды әлі толықтай қалыптаспаған. Айта кетейік, онда Данияр Елеусінов өнер көрсетеді деп күтілуде. 

    Сонымен қатар, кештің басты оқиғасы – Геннадий мен Ролсс жекпе-жегінің нақты уақыты анықталған жоқ.

    қатысты посттар

    Олимпиададағы сәтсіздікке кім кінәлі?

    Фариза

    “Егер ондай мүмкіндік маған берілсе…” Қанат Ислам Геннадий Головкиннің АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болуына байланысты пікір білдірді

    Фариза

    Тоқаев мырза, сіз тапсырманы орындай алмадыңыз, адамдарды ит секілді екі ай үйге қамап қойдыңыз – Қуат Хамитов

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.