Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді

    Мемлекет басшысының сыныптасы әрі досы балалық шағында Тоқаевтың үйінде қонақта болғанын айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы қазіргі мемлекет басшысы отбасының қарапайымдылығы мен қонақжайлығы туралы айтты. Андрей Антоненко – Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы әрі сыныптасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың үйінде қонақта болып, ата-анасы, інісі және қарындастарымен араласқанын айтты, деп хабарлайды “Комсомольская правда – Қазақстан” газетіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

    Касым-Жомарт Токаев, Вячеслав Константинов и Андрей Антоненко (слева направо), 1970 год

    © КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА – КАЗАХСТАНҚасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Константинов және Андрей Антоненко (солдан оңға қарай), 1970 жыл

    “Пәтерлері өте қарапайым болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев өте салмақты, байсалды адам еді. Балалық шағында басынан өткен ауыр кезең, жақындарының айырылу, соғыс пен жарақаттың салдары болар. Алайда ол қатал көрінбейтін. Оның байыппен сөйлегені, өткір көзқарасы есімде қалды”, – деді Антоненко.

    Андрей Антоненко президенттің анасының қонақжайлығы туралы да айтты. Ойнап жүрген балалар үйге кірген кезде, әрқашан дастарқан жайылып, тәтті бәліш дайын тұрған екен. 

    “Іні-қарындастары өте тәрбиелі болатын, үлкендерді сыйлайтын. Ата-анасы өмірден озған соң іні-қарындастары үшін Жомарт олардың орнын басты деуге болады “, – дейді Андрей Антоненко.

    Сондай-ақ, президенттің досы әрі сыныптасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесіне деген құрметі туралы да айтты. 

    Книги Кемеля Токаева

    © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВКемел Тоқаевтың еңбектері

    “Жомарттың әкесіне деген құрметі бірден байқалатын. Ол кісі, расына да, өте ерекше жазушы болды. Жомарт әкесін мақтан тұтты деп ойлаймын. Алайда ешқашан әкесінің шығармашылығы туралы айтып, мақтанған емес “, – деп еске алады Андрей Антоненко. 

    Книга Касым-Жомарта Токаева Слово об отце

    © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВҚасым-Жомарт Тоқаевтың “Әке туралы толғаныс” кітабы

    Антоненконың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев әдеби тапсырмаларға аса жақын болмаған. Алайда оның шығармалары орыс тілі және әдебиеті сабағында барша сынып алдында оқылған кездер жиі болыпты.

    қатысты посттар

    Ресей думасы Путинді өмір бойы “қылмыстық қудалаудан құтқаратын” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Фариза

    Елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды

    Фариза

    Мәжіліс депутаттарының қазақ тілін үйренуіне қаржы бөліне ме?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.