23 C
Алматы
Сәрсенбі, 29 Маусым 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТКЕНІН ЖАРИЯ ЕТТІ

    Қазақстан полициясы қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

    Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырдан 12 мамырға дейін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшкен. Тәртіп сақшыларының көшелер мен қоғамдық орындардағы тығыздығы артты.   

    “Сонымен қатар, мерекелік шаралар өтетін және халық жаппай серуендейтін орындарға ерекше назар аударылды. Еліміздің қалаларында “Мәңгілік Даңқ” шерулерін өткізу кезінде полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолға алады”, – деп хабарлады ведомстводан.

    Ішкі істер министрлігі көлік қозғалысына қатысушыларға бағдарды алдын-ала жоспарлауға кеңес береді.

    “Полиция қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактісі бойынша, сондай-ақ мәдени іс-шараларға кедергі келтіруге, қатысушыларға қолайсыздық тудыруға бағытталған іс-әрекеттерге қатысты дереу заңға сәйкес шаралар қабылдайды”, – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

    Похожие записи

    Тараздағы төбелесте таяқ жеген бала ауруханада қансырап өлді

    Фариза

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.