10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Жүктіліктің 12 аптасы несімен маңызды? 425 мыңды кім алады?

    Дәрігерлер 12 апталық мерзімге неге ерекше мән береді? Әйелдер есепке тұрудан неге қашады? Енді есепке уақытылы тұрмаса айыппұл төлейтіні рас па?

    Денсаулық сақтау министірлігі жүктілік мерзімі 12 аптаға толмай есепке тұрғандарға 425 мың теңге беріп ынталандыру керек дейді. Әйтпесе, толғағы қысқанша дәрігердің бетін көрмейтін әйелдер де бар көрінеді. Министр Елжан Біртанов осылайша, ана мен бала денсаулығын назарда ұстайтын боламыз деп сенеді.

    Заң жобасы бекітіліп, босанған 400 мыңнан астам әйел уақытылы есепке тұрса, шамамен 170 млрд теңге берілуі тиіс екен. Ондай салмаққа мемлекеттік бюджет дайын ба?

    Бойына бала біткен 100 әйелдің 13-і түсік тастайды

    Тоғыз айға дейінгі кезең – әйел үшін әрі жағымды, әрі қиын, әрі жауапкершілігі мол маңызды кезең. Сондықтан уақыты есепке тұрып, белгіленген күні тексеруден өткен дұрыс.Реклама 10

    Республика бойынша 2018 жылы жүктілік бойынша есепке тұрған 462 805 әйелдің 86,6%-ы аман-есен босанған. Яғни, 400 721 әйел аман-есен қол-аяғын бауырына алған.

    Денсаулық сақтау министірлігі ұсынған деректер негізінде жасалды

    Тіркеуге тұру ақшадан да маңызды

    Денсаулық сақтау министірлігі ұсынған статистикаға сүйенсек, 2009 жылдан бері жүктілікпен 3 930 064 әйел есепке алынған.

    Оның ішінде 12 аптасына дейін тіркеуге тұрғандардың пайыздық көрсеткіші шамамен 64,8 пайыздан 84,9 пайызға дейін болды. Яғни, 100 пайыздық көрсеткіш ешқашан болмаған дейді, Денсаулық сақтау министірлігі ресми жауабында.

    Ал талап бойынша жүкті әйел 12 аптаға дейін есепке тұруы тиіс. Өйткені мәселенің ақшадан да маңызды тұстары бар.

    Өміріне қауіпті ақаулар осы кезде байқалады

    – Жүктіліктің 12 аптасына дейін нәрестенің ішкі ағзалары, сүйектері, қан тамыр және нерв жүйелері қалыптасады.

    Сондықтан нәресте дұрыс қалыптасып жатыр ма, өрескел ақаулар (туылғаннан кейін өміріне өте қауіпті, болмаса өмір сүре алмайтын) жоқ па, сондай- ақ генетикалық аурулардың (хромосомдық) белгілері бар ма, жоқ па – осыларды анықтау өте маңызды, – дейді акушер-гинеколог Әбдіқалықова Бибігүл Иманғалиқызы.


    Оқи отырыңыз: Дәрігерлер ауру деп болжаған баланың сау туылатыны жиі кездеседі. Және керісінше сау дегендерінің ауру болатыны қалай?


    Баланың аяқ-қолы, басы, миы дами бастайды

    – 12 апталық жүктілік кезінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) арқылы дамымай қалған жүктілікті, нәрестенің тек өрескел ақауларын анықтауға болады. Яғни, баланың бас сүйегінің болмауы, саусақтары, аяқ қолдары, миы болмаса, ол осы мерзімде бірден көрінеді, – дейді дәрігер.

    Хромосомдық аномалияларды да (Дауна, Патау, Эдвардс синдромдарын) жүктіліктің 12 аптасына дейін қан арқылы және УДЗ арқылы болжайды. Егер хромосомдық ауытқулардыңқатері жоғары болса, инвазивтік әдіспен нақты анықтауға мүмкіндік бар.

    Алғашқы 12 апта әйел үшін де маңызды

    Бибігүл Иманғалиқызының айтуынша, әйелде экстрагениталды аурулар болса, бойына бала бітісімен организіміне күш түседі. Оны әйел байқамауы да мүмкін. Салдарынан денсаулығына қауіп төнеді. Сондықтан 12 аптаға дейін анаға қажетті тексерулерден өтуі керек.

    Жүктілік мерзімі өскен сайын, жүктілікті тоқтату - әйел үшін қауіпті

    Жүктілік мерзімі өскен сайын, жүктілікті тоқтату – әйел үшін қауіпті / Фото informburo.kz

    Егер алдын ала қойылған диагноз расталса, жүктілікті медициналық жолмен тоқтату керек. Ол неғұрлым ерте жасалса, салдары болмайды.

    Есепке тұру қиын ба?

    Дәрігер “жүкті әйелдің есепке кеш тұруының салдары әйелдің өзінен болады. Егер әйел өз жүктілігіне үлкен жауапкершілікпен қараса, ол есепке кеш тұрмайды” дейді.

    Айтуынша, жүкті әйел есепке гинеколог дәрігерге жүгінген күннен бастап алынады. Содан кейін ғана, оның қолына талдау мен тексерулерге бағытнама беріледі.

    “Сондықтан, 12 аптаға дейін есепке тұрып үлгермейміз деу – сылтау”дейді Бибігүл Иманғалиқызы.

    Жүкті әйелдің 12 аптасында өтетін тексерулер

    Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген клиникалық протоколдарға сәйкес жүргізіледі.

    Алғаш барғанда, жалпы қарау жүргізіледі: дәрігер қорытындыларды жинайды, басынан өткен аурулары, созылмалы аурулары, оталар, аллергияның барлығы туралы және алдыңғы жүктілігінің ағымы туралы сұрастырады.

    Дәрігерлер әйелдің бойындағы қылтың-сылтың аурулардың бәрі осы жүктілік кезінде қозады дейді. Өйткені, организм әлсірейді, иммунитет түседі.

    Сондықтан, жүкті екенін білген соң дәрігерге қысылмай бәрін айтып бергені жөн.

    Бірінші қаралуда дәрігер:

    – Әйелдің салмағы және оның бойы өлшейді. Бұл бой-салмақ көрсеткішін есептеуге және барлық тоғыз ай аралығында қосуға болатын тиімді салмақты анықтау үшін қажет.

    Одан кейін дәрігер гинекологиялық жағынан қарайды, жатыр мөлшерін және жүктілік мерзімін, қатар жүретін гинекологиялық ауруларды анықтайды және қынап микрофлорасына жұғынды алады.

    Алынған мәліметтер негізінде:

    Жүкті әйелдің денсаулығында қандай да бір қатер (патология) болған жағдайда, жүктіліктің жүргізілу жоспары құрастырады.

    Карточканы толтырғаннан кейін сізге нақты мамандардың кеңесіне және талдауларды (қанның жалпы талдауы, зәрдің жалпы талдауы, қан құрамындағы қант деңгейі, АИВ және RW талдау, сифилиске қан және қан тобы) тапсыру үшін бағыттама береді де, қай күні келетініңізді айтады.

    Бәрін тапсырып болған соң, жүктіліктің 12 аптасында УДЗ түсесіз. Одан кейін бәрі қалыпты болса, күнде шақыртып мазаңызды алмайды. Айына бір рет қажет анализдерді тапсырып тұрсаңыз жеткілікті. Әр анализден кейін дәрігеріңізге жолығып қайтасыз. анализдеріңіз қалыпты болса, бөгемейді. Егер, өзгешеліктер байқалса, басқа мамандарға бағыттама береді.

    Әйелдер жүктіліктің осы 12 аптасында өздерін шаршаңқы сезінеді. Үнемі ұйқысы келіп, мазасы қашады. Токсикоз да осы мерзімде қатар жүреді. Сондықтан, бірнеше анализді тапсыру, кезек күту аяғы ауыр әйел үшін үлкен шаруа болып көрінуі мүмкін. Кейде УДЗ бір жерде, генетик маман басқа, талдаулар тағы бір шетте болуы да онсыз да мазасы қашқан әйелді мезі етері сөзсіз. Дей тұрғанмен, дәл осы мерзім ең (информативный) болып есептеледі.

    Егер әйел жүктілік мерзімін білмесе…

    Егер әйелдің етеккірі уақтылы келетін болса, соңғы етеккірінің уақытын нақты білсе жүктілік мерзімі соған қарай анықталады. Егер әйел соңғы етеккірі қашан болғанын білмесе, иә болмаса етеккірі уақытылы келмейтін болса, онда төлем жүктіліктің мерзімін анықтауға жүктілік кезінде ең бірінші жасалған УДЗ-дің көрсеткіші негізге алынып беріледі.

    Ұсынылып отырған норма қабылданса:

    Төлем босанғаннан кейін беріледі. Сонымен қатар, 12 аптаға дейін есепке тұрып үлгермегендер айыппұл төлейтін болады. Денсаулығына немқұрайлы қарайтындар – азаматтық міндеттерін орындамағандар.

    ҚР “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” Кодексінің 5 бөлім, 16-тарау, азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері 90-шы бабы. Яғни азаматтар өз денсаулығын ақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ ауапкершілікте болуға, жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

    Және пациенттердің міндеттері көрсетілген 92 бабына сәйкес, пациент өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға міндетті. Осы міндеттер орындалмаса, жүкті әйелдер де әкімшілік жазаға тартылады. Әкімшілік жаза көлемі туралы мәселе әлі талқыланып жатыр.

    Әзірге бұл – министрдің ұсынысы ғана. Десе де, Біртанов бастаманы заңмен бекітпек ниетте. Құжат Мәжіліске маусымда ғана жетеді.

    Дереккөзі: informburo.kz

    қатысты посттар

    Министр: “Өз ойым” бағдарламасын жаба алмаймыз…

    “Масқараға тап болдым” Алматы облысында арақ ішіп отырған ер адамдарды әкім қуып жіберді (видео)

    Фариза

    Алматыда тұрғын үйлер карантинге жабылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.