10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскеменде жеңіл атлетикадан облыстық жарыс өтті

    2019 жылдың 5 мамырында Өскемен қаласының Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде «Алтай-Атлет кәсіпқой спорттық клубы» ЖШС ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан облыстық жарыс өткізілді. Осы жарысқа облыстан 19 команда, ауданымыздың 3 мектебінен 16 бала қатысты. Жарыс спорттың  бес түрі бойынша өтті: (60 м жүгіру, 500м және 1000 м жүгіру, қашықтыққа доп лақтыру, жүгіріп, ұзындыққа секіру, эстафета 200м).

    Қашықтыққа доп лақтыруда 2005-2006 жылы туылған қыздар арасында «Таврия орта мектебі» КММ оқушысы Сафонова Лидия І орынды жеңіп алды.

    Жүгіріп, ұзындыққа секіруде 2005-2006 жылы туылған ұлдар арасында «Таврия орта мектебі» КММ оқушысы Юрченко Егор ІІ орынды жеңіп алды.

    500 метрге жүгіруде 2007-2008 жылы туылған ұлдар арасында «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ оқушысы Емшібай Бейбарыс ІІІ орынды жеңіп алды.

    60 метрге жүгіруде 2005-2006 жылы туылған қыздар арасында «Таврия орта мектебі» КММ оқушысы Асығатова Әдемі үздік сегіздіктің қатарынан көрінді.

    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Алтай-Атлет кәсіпқой спорттық клубы» ЖШС атынан ALTAY KIDS CUP дипломымен, медалімен және ақшалай сертификатпен (25000, 20000, 15000) марапатталды.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов уәдесінде тұрып, инфрақұрылым мәселесін шешіп берді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ “ЭКО-САНА” СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    Фариза

    Келешегі кемел кәсіпорын

    Пікір қалдыру

    seven − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.