28 C
Алматы
Жұма, 1 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Алсудың қызы даулы оқиғадан соң алғаш рет мәлімдеме жасады

    “Голос дети” атты ресейлік бағдарламасының жеңімпазы Микелла Абрамова мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алсудың қызы соңғы даулы оқиғадан кейін де өз карьерасын жалғастырып, ән айта беретінін айтты. 

    Оның айтуы бойынша, байқауда жеңіске жету оңай болмаған.

    “Алғашында мен не болып жатқанын түсінбей, таңғалдым. Бірақ мен қуаныштымын. Мені қолдағандарға алғысымды айтамын”, – деді Микелла.

    Сондай-ақ Алсудың қызы бұл өзінің алғашқы байқауы екенін әрі айтылған сындарды қабылдауды үйренбегенін айтты.

    “Тікелей эфирде өнер көрсету өте қиын. Бұл менің алғашқы байқауым болды. Мен тек ән айтамын. Ал қазылар алқасы келесі кезеңге өткізу-өткізбеуді өздері шешеді. Мен мұндайға дайын болмадым. Бұрын концерттерде тек анаммен бірге ән айтатынмын”, – дейді Алсудың қызы.

    Сонымен қатар, ол жақында өзінің бірнеше әнін жарыққа шығарытынын айтты.

    Еске сала кетсек, Ресейдегі “Голос дети” бағдарламасында Микелла Абрамова жеңіске жеткен болатын. Алайда көрермендер байқаудың әділ болмағанын айтып, шу шығарды. Көпшілік бұл байқауда Ержан Максим жеңуі керектігін айтқан. Олардың қатарында Алла Пугачева, Максим Галкин, Владимир Миладзе секілді танымал жұлдыздар болды.

    Похожие записи

    Димаш Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

    Игорь Крутой: Димаштың бұл бейнебаяны “бомба” болады (видео)

    “Әке атансаңыз, оның несі айып?” 82 жастағы белгілі халық әртісі кімге үйленгені белгілі болды (видео)

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.