22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

    Тергеу мәліметі бойынша, Еңбекшіқазақ тұрғыны мас күйінде ауылдастарымен жанжалдасып қалған

    Алматы облысында мас күйінде үш ауылдасын пышақтап тастаған 38 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

    Мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына үш ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түседі. Малыбай ауылының тұрғындары жергілікті ауруханаға жеткізіліпті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оларды өз ауылдасы пышақтап тастаған екен.

    Жедел іздеу шаралары барысында күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол мас күйінде жәбірленушілермен жанжалдасып қалған көрінеді.

    “Бұл оқиға бойынша қылмыстық тергеу басталды, нәтижесінде ауыр қылмыстың мән-жайы белгілі болады”, – деп мәлімет берді Алматы облысының полиция департаменті.

    Күдікті қолданған ас үй пышағы заттай дерек ретінде тәркіленіп, істің материалдарына қосылған. Тергеу біткенше, ер адам аудандық полицияның уақытша ұстау абақтысында отырады.

    қатысты посттар

    Қордайдағы қақтығыс кезінде 8 адам қаза тапты

    “Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда”

    Ми-8 тікұшағында қаза тапқандардың есімі белгілі болды

    Пікір қалдыру

    10 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.