23 C
Алматы
Сәрсенбі, 29 Маусым 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді – видео

    Әйел адам сәбиді балағаттап, тізерлеп жерді сүюге мәжбүрлеген, деп жазады sputniknews.kz сайты.

    Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгеруші бүлдіршінді басқа балалардың көзінше балағаттап, жерді сүйгізді.

    Әйел адамның балаға тіл тигізіп жатқаны түсірілген видео желіде жарияланған.

    Балабақша басшысы балаға “тізерле” деп айғалап, артынша өзі жұлқып, жерге отырғызды. Бейнежазбада әйелдің сәбиді “оңбаған, жексұрын” деп балағаттап жатқаны анық естіледі.

    Кубанские новости” басылымы жазғандай, оқиғадан кейін балабақша жұмысшысы қызметінен босатылатын болды. Бұл туралы Краснодар қаласы білім басқармасының директоры Алексей Некрасов хабарлапты.

    Оның айтуынша, әйел адам жуық арада жұмыстан шығарылады.

    “Меңгеруші өрескел қылық танытып, баланың намысына тиді, психикалық қана емес, физикалық қысым көрсетті. Осы әрекетімен басқа балалардың да намысын аяқ асты етті”, — деп түсіндірді шенеунік.

    Ал балабақша басшысы бүлдіршінді  “бұзық бала” деп ақталған. Оның айтуынша, сәбиі “орыстарды және Ресейді жек көремін” депті.

    Осы жайтқа қатысты полиция тексеріс бастады.

    Похожие записи

    «Жастық челленджін» жалғастырған Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасарының ісіне қатысты тексеріс басталды

    Фариза

    Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

    Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.