12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бас мүфти: “халал” түсінігі модаға айналып кетті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз “халал” түсінігі тек азық-түлік өнімдеріне қатысты қолданылатынын айтты

    Бас мүфти Серікбай қажы Ораз халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттардың көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы “халал” сөзі мұсылман термині екенін атап өтті.

    “Менің ойымша, “халал” термині тағамның тазалығына байланысты қолданылады. Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанында халал өнімдерді стандарттау және сертификаттау арнайы бөлімі мен үлкен кәсіпорын жұмыс істейді”, – дейді Серікбай қажы Ораз.

    Оның айтуынша, елімізде халал сертификаттарын беретін 1 мыңнан астам кәсіпорын бар.

    Сондай-ақ, бас мүфти халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттарды атады.

    “Халал” түсінігі кейбір адамдар үшін модаға айналып кеткен сияқты. Бір азамат елге визитка таратып жүр. Өзін “халал адвокатпын” дейді. Оны қалай түсінеміз? Тегін жұмыс істейсіз бе, сіздің басқа адвокаттардан қандай айырмашылығыңыз бар” деп сұрадым. “Халал” термині бірінші кезекте азық-түлікке қатысты. Енді бір азамат “халал СТО” деп жазып қойыпты. Ол халал болса, халық бара бере ме? Тіпті, біреу суға “халал” деп жазыпты. Суға ешкім халал сертификатын бере алмайды. Судың халал мәселесіне қатысы жоқ. Айта берсек, келеңсіз жағдайлар көп”, – деді Серікбай қажы Ораз.

    Сондай-ақ, ол халал өнімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау орындарында тексерістен өтетінін айтты.

    “Тұрмыстық заттардың халалға ешқандай қатысы жоқ. “Халал” түсінігі терең зерттеуді талап ететін сала”, – деп түйіндеді сөзін бас мүфти.

    қатысты посттар

    Қытайдан қашып келген Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлы шабуылға ұшырады

    Фариза

    Шымкенттік әке 15 жастағы жаңа босанған оқушы қызын үйден қуып жіберді

    Фариза

    Қазақ даласында өрістегі мал қырылып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.